Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Таратпа №1. Топ атаулары: Таған, Ерік, Айна, Нүрке, Бекзат, Шал

Таған

Ерік

Айна

Нүрке

Бекзат

Шал

Таратпа №2

Топтастыру

1-топ. Таған

Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын. Соншалықты неге жек көресіңдер. Мен — талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?

2-топ

Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай қызыл май болып, өкпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. Екеуіміз де бұрынғы палуанбыз. Қазақша күрестен...— деп мысқылдады.

3-топ. Айна

Оған кім кінәлы? Осы маған тағылған кінәнің барлығын өзіңе қайырсам қайтесің... Осы менен күткен мінез-құлықты, қылықты өзіңнен іздеп, көксемейді деп ойлайсың ба? — Соңғы кезде сенің де бір нәрсеге басың қатып, сенделіп жүргеніңді сезбейді дейсің бе? Менің сұлулығымды сусындап тауысқандай, тіпті бұл өмірде бар-жоғыммен де санаспай сансырайсың, өз-өзіңнен сандалып шаршайсың, өз-өзіңнен өзегің жанып өкпелейсің. Неге? Өтірік сөйлесек те, өтірік өмір сүруге болмайды ғой...

4-топ. Нүрке

Мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмысқа шыққан жылы, жарықтық атамыз, атын атау әдепсіз болар, қайын атамды айтамын,— деп пысықтай түсіндірді,— Меккеден оралып, қажы атанып қайтқан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. Мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым. Оны өзің де білесің, Айнажан, екі аяқтан айрылғанша, ораза-намазды қаза қылғаным жоқ. Қайын атамыздың ісләм діні жайында, пайғамбарлар мен сақабалар туралы әңгімесі бізді ешқашан жалықтырмайтын және біз күмән-күдіксіз сенетінбіз. Алғашында мен қазақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым ауыл балалары шүлдірлегенімді қызық көріп, сөйлете беруге әуес еді... Иә, ол да бір дәурен, қимас шақ еді-ау.

5-топ. Бекзат

Менің сенен басқа ешкімім жоқ. Қазақтың «көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім» дейтіні осы шығар. Екі көзім төрт болып бір жыл бойы күтемін. Тәңірім-ау, неге ғана екі-үш рет келмейді екенсің жылына...

6-топ. Шал

Ұлымның аты — Қозы, қызымның есімі — Баян, ырымдап әдейі қойдым,— деді әңгімеге ықылас білдіріп. — Егер тегін қуаласаң, бірі — батыстан, бірі — шығыстан. Әдейі Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін ұжымды ел болсын дегенім...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу