Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : №1 (ІІ нұсқа) | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||
Күні : 2020 ж. | Мұғалім: Нурмуханова А.Е. | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы «Еңісте» тарауы | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | «Еңісте» тарауында көтерілген негізгі мәселені анықтау. Анықталған мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығарма жазу. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі мәселені анықтайды. Мәселеге қатысты өзіндік көзқарасын шығарма түрінде ұсынады. | |||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | Абайдың 3 ерекшелігін көрсетеді. Михайловтың 3 ерекшелігін көрсетеді. Тұлғалардың 3 ұқсастығын анықтайды Талқылау сұрағындағы мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді. Берілген тақырыпты ашады. Шығармадан 2-3 аргумент келтіреді. Ойын жүйелі жеткізеді. Сөз көлемін сақтайды. (180-200 сөз) | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Дала, отан тақырыбы негізінде Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндерінде алған білімдерін оқушылар еркін қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, ноутбуктер | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы және терминология: Келіс, уез, начальник, рубасы, болыс, достық. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. | |||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды. | |||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Қызығушылықты ояту. Оқушылар суреттерге қарап, тақырыпты болжайды. Ой шақыру сұрақтарына жауап береді. Тапсырма: суретке қарап тақырыпты болжаңыз. СЖ. Ой шақыру сұрақтары:
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру. | Интербелсенді тақта, тақтадағы суреттер | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 4 минут 12 минут 8 минут | Мағынаны тану кезеңі. Оқушылар «Еңісте» тарауы бойынша құрылған тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырма: «Еңісте» тарауы бойынша берілген сюжеттік-композициялық талдауды сәйкестендіріңіз. ЖЖ.
Оқушылар жұпта сәйкестендіру жұмысын орындайды. Кері байланыс. Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқасымен өзін-өзі тексереді. 2-тапсырма: «Жұптағы әңгіме». Берілген сұрақтарға жұпта талқылау жасаңыз. ЖЖ. 1.Абай қандай шетелдік ақын-жазушыларды оқиды? 2.Абай өз заманында болған оқиғаларды шетелдік қай жазушының, қай шығармасымен салыстырады? 3.Кіші молда Абайдың шетелдік әдебиеттен білім нәрін сусындауына неліктен наразы? 4.Кіші молданың наразылығына Абайдың қайтарған жауабы мен ұстанымы қандай? 5.Абай Михайловпен қалай танысады? 6.Абай мен Михайловтың әңгімесіне арқау болған оқиға қандай? 7.Михайлов Абайдың ақындығына қандай бағыт-бағдар берді? Кері байланыс. Оқушылар сұрақтарға жауап беруді аяқтап болған соң, 3-4 оқушының жауаптары тыңдалады. 3-тапсырма. Абай мен Михайлов тұлғаларының ұқсастығы мен айырмашылығын талдап, топта Венн диаграммасын толтырыңыз. ТЖ. Дескриптор: Абайдың 3 ерекшелігін көрсетеді. Михайловтың 3 ерекшелігін көрсетеді. Тұлғалардың 3 ұқсастығын анықтайды. «Шеңбер» әдісі. Оқушылар жасаған жұмыстарын басқа топтарға таныстырады. 4-тапсырма. Мәселеге қатысты көзқарасыңызды білдіріп, , «Абай – ағартушы, өз заманының жанашыры, демократ» тақырыбында шығарма жазыңыз. Талқылау сұрағы: «Қазақ даласына жер ауып келген ойы озық, саясат қыспағына қарсы тұрған өжет идеяны тұтынушылармен пікірлес болуы Абайдың дүниетанымына қалай әсер етті?» Дескриптор: Талқылау сұрағындағы мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді. Берілген тақырыпты ашады. Шығармадан 2-3 аргумент келтіреді. Ойын жүйелі жеткізеді. Сөз көлемін сақтайды. (180-200 сөз) Бағалау. Оқушылар шығармаларын жұпта оқиды, дескриптор арқылы бағалайды. Жұптан үздік шығарма анықталып, топта оқылады. «Автор орындығы». Топта анықталған үздік шығарма, басқа топтарға оқылады, сынып арасынан үздік шығарма анықталып, оқылады. | Интербелсенді тақта Интербелсенді тақта, таратпа қағазы Венн диаграммасы, А3 қағазы Қалыптастырушы бағалау | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру