«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Сабақ жоспары 12.2.

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Уақыты: 2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

11.3.1.шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы тарихи және көркемдік үндестігін анықтап, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Бағалау критерийі

Шығармадағы тарихи және көркемдік үндестігін анықтап, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Дескриптор

1. Шығарманың тарихи және көркемдік үндестігін анықтайды;

2. шығарманың әдеби маңыздылығын ашады;

3.тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық салт –дәстүрді дәріптеу.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: идея, мазмұн, тарихи құндылық, көркемдік құндылық.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:менің ойымша, менің пайымдауымша, біздің байқағанымыз, сайып келгенде, біздің аңғарғанымыз, біздің көзқарасымыз, ең бастысы.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, « Абай жолы романындағы тарихи шындық эволюциясы»

https://bankreferatov.kz/adebiettanu/1439-abay-zholi-romanindai-tarihi-shindi-evolyutsiyasi.html

АКТ қолдану дағдылары

«Абай жолы» эпопеясының әдеби тарихи маңызы https://www.youtube.com/watch?v=Htpt5l4DtNc

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау, креативтілік қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Миға шабуыл: «Бетпе-бет» әдісі

Сынып оқушылары«Абай жолы» эпопеясының әдеби тарихи маңызы» бейнебаянын көреді. Оқушылар тыңдағандары мен өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

  • Абай өмір сүрген қоғамдағы ерекшеліктер романда кімдер арқылы суреттеледі?
  • Абайдың өз ортасына көзқарастарының өзгеру себептері неде?
  • Өз халқын қараңғылықтан шығарудағы тапқан жолы қайсы?
  • Эпопеяның шежірелік сипатын қалай пайымдайсыңдар?
  • Романдағы ірі ру басшыларының арасындағы тартыстар: жер дауы, жесір дауы, рулық салт-санаға байланысты оқиғалардың тарихи шындық негізі қалай сипатталған?
  • Эпопеяның көркемдік ерекшеліктері, әлем әдебиетінде алатын орны қандай?

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Htpt5l4DtNc

Сабақтың ортасы

Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«FILA толтыру» әдісі

  • Топтарға «Абай жолы» жайлы жазылған зерттеу мәтіндері таратылады.
  • Топтағы оқушылар тапсырма түрлерін бөліп алады.
  • Жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан тарихи деректер жинау;

I /Пікір /– шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шындық үндестігі туралы өзінің ой-пікірі;

L /Сұрақ/– тарихи шындық пен көркемдік құндылығын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың тарихи шындықты суреттеудегі қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

2-тапсырма

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

Сынып оқушылары топта оқығандары және көргендері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиеттанушы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:

Кейіпкердің ойы мен сезімі

Уақыт және оның олар үшін маңыздылығы

Мағынаны ажырату

3-тапсырма

«Фишбоун» әдісі

  • Талдау жасау үшін балық қаңқасы салынған қағаз таратылады.
  • Басына шығарма көтерген мәселені, үстіңгі сүйектерге шығарманың негізгі түсініктерін,астыңғы сүйектерге шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын, құйрығына мәселенің шешімін жазады.
  • Оқушылар шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын өзіндік көзқарас тұрғысынан баға береді.

шығарманың негізгі түсініктері

көтерілген мәселе мәселенің шешімі

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы

Тапсырмалар бағалау критерийі бойынша бағаланады. (жұптық, топтық бағалау )

4. «Жобалау техникасы» әдісі

4-тапсырма

«Абай жолы»- ғасырлық туынды» тақырыбында «Абай жолы» эпопеясы туралы ғалымдар мен әдебиеттанушылардың тарихи және ғылыми материалдары негізінде топпен зерттеу жұмысын жүргізу.

Ғалымдар пікірі

Тарихи шындық

Өз пікірім

М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы»

Т.Жұртбай «Ұраным -Алаш!»

Тапсырманы топ спикерлері бағалайды.

https://bankreferatov.kz/adebiettanu/1439-abay-zholi-romanindai-tarihi-shindi-evolyutsiyasi.html

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24878

«Абай жолы»-ғасырлық туынды

https://abai.kz/post/17638

Т.Жұртбай «Ұраным- Алаш»

Сабақтың соңы

Бағалау

«Менің сөзім» әдісі : Абайдың іс -әрекетін төмендегі үлгіде жинақтап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағала.

Бөлімі

Оқиғалар

Абайдың әрекеті

Көркемдік және тарихи құндылығы

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.

Кері байланыс

Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «Білу қажет» кестесін толтырып, кері байланыс береді.

Біз нені білеміз?

Бізге нені білу қажет?

Бізге не белгілі?

Дифференциация – Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, «Фишбоун», «Жобалау техникасы» тәсілдері арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Сұрақ қою. Қайта сұрақ қою » әдісі кезінде жағдай жасалады.

Бағалау- жеке,жұптық және топтық бағалау жүзеге асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу