Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Сабақ жоспары №12

Күні:

Тақырыбы:Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

 Сабақ мақсаттары

Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып талдап, сыни тұрғыдан баға беру.

 Бағалау критерийі

Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып талдайды, сыни тұрғыдан баға береді.

 Дескриптор

  • Көркем шығарманың жаңашылдығын анықтайды.
  • Ғаламдық тақырыптармен байланыстырады.
  • Сыни тұрғыдан бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Пәнаралық байланыс

тарих

АКТ қолдану дағдылары

«Абай жолы» роман-эпопеясы: Тарауларға талдау

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/23613/

«Абай жолы» роман-эпопеясына талдау

https://student.zoomru.ru/lit/muezovt-abaj-zholy-romanjepopeyasyna-taldau/236898.1854567.s1.html

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын ашып, өз көзқарастарын білдіріп, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл: «Оқу атысы» жаттығуы

Сынып оқушылары «Абай жолы» роман –эпопеясына талдау» тақырыбындағы мақаланы оқиды. Мақаладағы басты тақырып жайлы пікір алмасады. Интерактивті тақтадан немесе тақтаға екі шеңбер сызылады. Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар.

«Абай жолы» роман-эпопеясы: Тарауларға талдау

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/23613/

Сабақтың ортасы

1-тапсырма: «Тест- сұхбат» әдісі

Шығармадағы көтерілген басты мәселені анықтаңыз.

  • Өз көзқарасыңызды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
  • Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз.
  • Шығарма үзіндісін «Ғасырлық туынды» тақырыбымен байланыстыра отырып маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз.
  • Ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Түсіндіріңіз.

2-тапсырма «Қөзқарастар тайталасы»

Сыныпта пікірталас ұйымдастырып, «Қайтқанда», «Қат-қабатта» бөлімдері бойынша Құнанбайдың іс-әрекетіне екі жақты баға беріңіз. Өз көқарасыңызды шығармамен дәлелді байланыстыра алуға ерекше назар аударыңыз.

3-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен «Абай жолы» роман-эпопеясынан эпизод таңдайды. Содан кейін жұппен таңдаған эпизодтарын салыстырады. Топтағы оқушылардың эпизодтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма бөліктерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін эпизодтарды біріктіріп, тұтас мәтін құрастырады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған мәтін нұсқасын оқиды. Топтағы қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Мәтіннің ерекше әсерлі жолдары

қандай жағдайды сипаттайды

ұмытылмайтын тұстар

кейіпкердің ойы мен сезімі

сенің ойың мен сезімің

4-тапсырма:Үш қадамды сұхбат» әдісі

Тапсырма: Шығарма негізінде топпен 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасыңдар.

Анықтау: Шығарманың тілдік құралдары арқылы тақырыбын, идеясын, көтерілген мәселені, астарлы ойды анықтау.

Салыстыру: Шығарманың стилі мен жанрын ұқсас шығармалармен салыстыру.

Бағалау: Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып сыни пікір айту.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

ББТЗО кестесін толтыр.

Б

Мен роман –эпопея туралы не білемін?

Б

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?

Дифференциалау –Қабілеттері жоғары оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясына талдау» мақаласындағы деректерді негізінде зерттеу мақаласын жазады.(тақырыпты өздері таңдайды)

Бағалау: жұптық, топтық

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу