Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5- тарау. Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғасырлық туынды М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді талдайды.
  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.
  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум:Тарих. Мәдениет. Жаһандық әлем.

Қоғам. Жаңалық.Құндылық.Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттықрух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде қоғаммен, елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Алдыңғы бөлімдер бойынша, яғни, әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін байқау.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

жұптық жұмыс

1.Өлең тармақтары бірнеше бөліктерге бөлінген.

2. Өлеңді мазмұнына қарай жинайды.

Қазақтың дәстүрлері

Ф Оңғарсынова

Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,мен-дағы оның бәрін жақсы білем.

Ата-ана қартайғанда бел бүгіліп,құрметтеп сыйлайды оны ел жүгініп.

Тәтті дәм, асыл деген киімдері –қарттікі әр қазақтың үйіндегі.

Ерте-кеш қонақ келсін шақырусыз,жатырқап сұрамаймыз: "Заты кімсіз?"

Тік тұрып жасымыз да, кәріміз де,тосамыз үйдегі бар дәмімізді.Қыз өсіп, сүйсе жасты қиядағы,үйге ертіп әкелуге ұялады.

Бір ғажап – ұл-қыз біздің елде керімқадірлеп құрметтейді жеңгелерін.

Жас келін үй билемес тізгінді алып,ал сосын тым бауырмал біздің халық.

Қазақтың жас-кәрісі өле-өлгеншесамарқау тұра алмайды өнер десе.

Білмесең, таны,достым, жақын барып,шетінен қазақ деген ақын халық.

Даламыз жазық болса қанша біздің,сондай кең пейіліміз де баршамыздың.

  • Сабақ тақырыбына болжау жасайды, оқу мақсатын айқындайды.
  • Өлеңде кездескен құндылықтарды атау, сол бойынша топтарға бөліну:
  • Сыйластық
  • Қонақжайлылық
  • Инабаттылық
  • Өнерсүйгіштік
  • Ақынжанды

Оқушы дәптері

Сабақтың ортасы

10 мин

12 мин

Мағынаны тану кезеңі:

І. Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма Топтық жұмыс ішінара зерттеу –ізденушілік жұмыспен айналысады.

Роман- эпопеяның 1-томында қандай салт-дәстүрлер кездеседі? Топтар нақты бөлімдер бойынша талдау жасайды.

ІІ.Тыңдалым тапсырмасы

2- тапсырма Отыз жетінші қара сөзі

«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 248-265 беттегі оқиға желісімен жұмыс.

мазмұнын топта талдайды: «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы жүргізіледі.

Жүру барысы: Оқушылар топта үшеуден отырады: екеуі қарама қарсы, ал үшіншісі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады.

Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді.

Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды.

Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады.

3- тапсырма FILA кестесін толтырады.

Басты мәселе

фактілер

идеялар

Проб сұрақтар

Шешу үшін жоспар

4-тапсырма Топтық жұмыс

шығармадан алған үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.

Шығармадағы

өзекті мәселе

Ғаламдық мәселе

Ой – толғаныс кезеңі:

5-тапсырма М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 248-265 беттегі оқиға желісіне оқушылар мақал-мәтелдермен тұжырымдайды; қорытынды ой – бірлік, татулық болады. А.Қ ұнанбаевтың «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» деген мақалы туралы айтылған 6- қара сөзіне талдау жасалады.

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томының 112-114 беттегі және 248-265 беттегі оқиғалардағы Байсалдың іс-әрекетінен қорытынды шығару.

1-том

Тыңдалым материалы

Слайд

FILA кестесі

Сабақтың соңы

10 мин

Рефлексия.

Блоб ағашына белгілеу

Үйге тапсырма:.

Жаман дос - көлеңке:Басыңды күн шалса,Қашып құтыла алмайсың;Басыңды бұлт алса,Іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,Досы көппен сыйлас;Қайғысыздан сақ бол,Қайғылыға жақ бол.

Абайдың жақын достарына мінездеме жазу.

2.Шығармада кездескен әдеби көркемдегіш құралдарды жазып келу.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егероқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциациядұрысжүзегеастыма?

Сабақкезеңдеріуақытқасәйкескелдіме?

Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыойларыңыздыжазуүшінқолданыңыз.Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Абайлар келгенде жұрт тегіс Шыңғыс сыртындағы жайлауда екен. Құнанбай атшабарларын жіберіп, былтырғы қыстауларын қайтара бастапты. Он төртін түгел қайта иемденген. Ал біреуін Байсал өжерлік қылып, бермепті. Құнанбай ашуланып, тағы бір соғыс ашайын дегенде, Абай оны тоқтатты. Сосын Бөжейдің жылы келе жатқанын айтып, Құнанбай бармаса да, өзі ауыл ірілерін ертіп баруына рұқсат сұрайды. Абайдың өзіндік жоспары болатын. Ол Бөжей ауылына келетін қонақтардың бір үлесіне он киіз үй тіктіріп, жайлы қонақ күтпек болады. Дегені де болды. Абай, Ербол, Мырзахан, Ұлжан, Айғыздар көпшілік боп, Бөжейдің алыс нағашыларын қонақ етеді. Тыным таппай үш күн қызметте болады. Байдалы, Байсал, Сүйіндік және нағашы ақсақалдар ырзашылық білдіріп, өз баталарын береді. Абай мен Ербол үш күн ұйқы көрмеген болатын. Сондықтан үйіне қайтысымен екі күн, бір түн қатып ұйықтап, сергіп тұрады.

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.

Адамның баласы - бауырың.

Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

Егер ісім өнсін десең, ретін тап

Биік мансап - биік жартас

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,Екпіндеп ұшып қыран да шығады;Жікшіл ел жетпей мақтайды,Желөкпелер шын деп ойлайды.

Дүние - үлкен көл,Заман - соққан жел,

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер.

Бақпен асқан патшаданМимен асқан қара артық;Сақалын сатқан кәріденЕңбегін сатқан бала артық.

Тоқ тіленші - адам сайтаны,Харекетсіз - сопы монтаны.

Жаман дос - көлеңке:Басыңды күн шалса,Қашып құтыла алмайсың;Басыңды бұлт алса,Іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,Досы көппен сыйлас;Қайғысыздан сақ бол,Қайғылыға жақ бол.

Қайратсыз ашу - тұл,Тұрлаусыз ғашық - тұл,Шәкіртсіз ғалым - тұл.

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің

1896

АЛТЫНШЫ СӨЗ

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.

1891

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Көп адам дүниеге бой алдырған, 

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай, Бағдарымсың бет түзер Құбыладай! Ана тілдің арқасы, ұғып келем, Желілерін ойыңның үзіп алмай. 2-ж.Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай, Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай! Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ, Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай. 

Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы әнмен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең ,менше сүй

Әннің де естісі бар,есері бар Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар. 

.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Торыжорға », «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

Ой – толғаныс кезеңі:

7-тапсырма «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбында ой-толғау жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу