Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 12 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы»
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.
Сабақ мақсаты:Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып талдап, сыни тұрғыдан баға беру.
Миға шабуыл «Оқу атысы» жаттығуы
«Оқу жаттығуы» әдісі
1-тапсырма : «Тест- сұхбат» әдісі
Шығармадағы көтерілген басты мәселені анықтаңыз.
Өз көзқарасыңызды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз.
Шығарма үзіндісін «Ғасырлық туынды» тақырыбымен байланыстыра отырып маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз.
Ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Түсіндіріңіз.
2-тапсырма: «Көзқарастар тайталасы» әдісі
Сыныпта пікірталас ұйымдастырып, «Қайтқанда», «Қат-қабатта» бөлімдері бойынша Құнанбайдың іс-әрекетіне екі жақты баға беріңіз. Өз көқарасыңызды шығармамен дәлелді байланыстыра алуға ерекше назар аударыңыз.
3-тапсырма: «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен «Абай жолы» роман-эпопеясынан эпизод таңдайды. Содан кейін жұппен таңдаған эпизодтарын салыстырады. Топтағы оқушылардың эпизодтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма бөліктерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін эпизодтарды біріктіріп, тұтас мәтін құрастырады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған мәтін нұсқасын оқиды. Топтағы қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі.
«Бірдей... Әртүрлі..» тәсілі
4-тапсырма «Үш қадамды сұхбат» әдісі
Тапсырма: Шығарма негізінде топпен 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасыңдар.
Анықтау: Шығарманың тілдік құралдары арқылы тақырыбын, идеясын, көтерілген мәселені, астарлы ойды анықтау.
Салыстыру: Шығарманың стилі мен жанрын ұқсас шығармалармен салыстыру.
Бағалау: Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып сыни пікір айту.
Кері байланыс: «ББТЗО» кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру