«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.


Қосымша материалдар:

«Абай жолы» -ғасырлық туынды

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24878

«Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай жолы» романында қандай тамаша суреттелген!» Б.Матип

Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін аша білді. Әуезов - Абайдың өмірінен тұтас бір тарих жасап шыққан ұлы ойшыл, бір шығармаға ғасырлық тарихты сыйдыра білген жазушы. Оның суреткерлігі бір төбе болса, адамгершілігі де бір төбе. Шыңғыс Айтматовтың «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Мұхтар Әуезов», - деуі осыны айғақтайды. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармасын алсақ та, «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» сияқты қысқа бірақ ұлы дүниесінен жазушылардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін суреткерлік шеберлікті көреміз.

«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. «Абай жолы» - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс. Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін оқырманға жақын бейнеледі. Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, одан ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқына, Отанына деген ыстық сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке қарсылығы көзге оттай басылып тұрады. Бұған айтпасақ та дәлел болатын мәңгі өшпес, теңдесіз мұрасы - «Абай жолы». Әлемдік деңгейдегі бұл дүниеге Луи Арагонның өзі: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» - деген екен. Расында да суреткер қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы Абайды халқына сөз өнерімен сомдаған. Осындай алып дүниені жаза отырып Мұхтар Әуезов өзі де қазақ көгінде мәңгі өшпес жұлдызға айналды. Яғни, Мұхтар Әуезов – ғасырда бір туатын жазушы болса, «Абай жолы» - ғасырлық туынды, ғасырда бір туатын шығарма.

 «Абай жолы» роман-эпопеясы: Тарауларға талдау

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/23613/

І кітап «Қайтқанда» – 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді. Қат-қабатта – Елде көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады. Жолда – Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей Кәмшатты алып кетеді. Шытырманда – Жер, қыстау мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей кетеді. Бел-белесте – Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай араларында үш күндік шайқас өтеді. Арыз түсіп, Чернов деген шенеунік Құнанбайды алып кетеді. Құнанбай Майырды конякқа тойғызып, іс-қағаздарды жандырып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі. Өрде – Ұлжан Ділдәнің ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына ат салысады. Абайдың Тоғжанмен соңғы кездесуі. Қияда – Абай 17 жаста әке атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.

ІІ кітап «Тайғақта» – Құнанбай қажылыққа жол тартады. Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіреді. Әйгерімге құда түседі. Жайлауда – Абай ауылына Біржан қонаққа келеді. Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып қалады. Бұл сезім Жігітек пен Бөкенші арасында шайқас тұдырады. Еңісте – Абай Ақшоқыға отау тігеді. Тәкежанның Мақұлбайы қайтыс болады. Оспан мен Нұрғанымның тартысы. Ералыда болыстық сайлау өтеді. Керімбаладан айырылған Оралбай ел бүлдіруді бастайды. Абай каталашкаға түседі. Салтанат оны мың сом төлеп шығарып алады. Лосовский ояз болады. Оқапта – Дүтбай мен Үмітей тойында Әмір бастауында сал-серілер өнер көрсетеді. Құнанбай Әмірді өлтіре жаздайды. Абай достарымен аңға шығып, жолдан адасып кетеді. Найман ауылында ғашығы Тоғжанды көреді. Асуда – Патша өлтіріледі. Орнына Александр ІІІ отырады. Дәркембайдың дақылдарын Тәкежанның малдары жеп кетеді және жеті жылқысын ұрлап кетеді. Тарауда – Балқыбекте сияз болады. Семейдің оязы Лосовский келіп, Абай екеуі Көкбайдың арызын көреді. Абай Дәркембайдың отыз малын алдыртады. Салиқа мен Байгөбектің мәселесін шешеді. Абай балаларын орысша оқуға береді. Өзі өлең жаза бастайды. Биікте – Татьянаның сахарадағы әні жырланады.

Эпилог – Татьянаның әні ел сыртына да тарап, есіткендердің бәрі Абайды мақтаныш тұтады.

ІІІ кітап «Абай аға» – Еңлік-Кебекті жазуға Шұбар мен Дәрмен таласады. Жігітектің қыстық шөптерін Әзімбай ордырады. Ырғызбай қарашығын жинайды. Базаралы айдаудан қашып келеді. Кек жолында – Әзімбай Жігітектің шөбін ақыр бермейді. Базаралы орыс досы Кераланы еске алып, қырық жігіт жинайды. Тәкежанның сегіз жүз жылқысын елге соғым деп таратып жібереді. Иса жұт кезінде төрт қасқырды өлтіріп, қайтыс болады. Жігітек руы сегіз жүз жылқыны екі еселеп қайтаратын болады. Қарашығын – Әбіш оқудан қайтады. Далбай мен Дүйсен қарашығын жинай бастайды. Өкініште – Әбіш Мағрипамен кездеседі. Жастар қауымы Қоңырәулиеге барады. Оразбай көп мал ұрлатып, бай болып шыға келеді. Оспан екеуінің арасында қақтығыс боп, Оразбай арыз жазады. Қақтығыста – Оспан қайтыс болады. Ресейден орыстар келе бастайды. Әзімбай жылқылары жатақтың бидайына түседі. Үлкен шайқасқа ауыса бастайды. Сосын Ырғызбай елі Оспанның жылын береді. Қоршауда – Оспанның малы бөліске салынады.

IV кітап «Түн-түнекте» – Қалада оба тарай бастайды. Сармолла халфе өлтіріледі. Құз-қияда – Дәрмен мен Мәкен қашады. Тарамда шайқас өтеді. Соңында Мәкен Дайырдан құтылады. Қапада – Дәркембай өмірден озады. Әбіш қайтыс болады. Қастықта – Тобықты мен Уақтан шыққан Серке арасында жер дауы. Тұщыкөл шайқасы. Әзімқан төре санақ өткізеді. Сәмен Абайға қастандық жасайды. Шайқаста – Сейіт үшін Оразбай ауылы талқандалады. Павлов Абайға оптимистік жол көрсетеді. Бас муфтиді сайлау басталады. Жұтта – Алтыбай мен Байтұяқ мал артында өліп кетеді. Мағаш, Базаралы мен Ерболдар өмірден озады. Артынан Абай кетеді.

Эпилог – Абайға жоқтау айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу