Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы.

оқу мақсаты

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану;

сабақ мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • шығармашылық жұмыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, өз ойыңды білдір.

Осы тұста жел екпіні үдей түсіп, Аспан асты ұлы ағысқа ілесе үдере көшеді. Сол ұлы көшкіннің екпіні Едігені «қалт-құлт еткен бір жалғыз түйір жаңқадай» қалтақтатып, итеріп әкетеді. Дедектеп келе жатқан Едігенің көңілі де қым-қиғаш, сезімі алай-дүлей бұрқанысқа толы. Жел екпіні екілене соғып, кейіпкерді ұшыра жаздайды. Ұйытқып, қым-қиғаш аласұрады. Жүгіріп басып келе жатқан қаһарманның ширыққан тебіренісі: «Осы кеткені кеткен. Кейін қайтпақ емес. Біржола кетеді. Мына заман, мына қоғам, мына тозақ тірліктен өстіп, қашып құтылады. Қашып барады Едіге. Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен, енді аялдайтын несі қалды?! Кетеді. Бет ауған жаққа безеді. Жоғалады... Қарасын батырады. Екі қолын төбесіне қойып, бас ауған жаққа қаңғып кетеді. Сөйтіп, «мәселені шешеді». Мына қым-қуыт аласапыран шудан азат болады. Мәңгі азат болады. Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде құлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей. Тездетіп ізін сипап өшіргісі келетіндей. Сол үшін жанталасатындай...

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

- Шығарма үзіндісін талдайды;

- өз көзқарасын білдіреді.

2-тапсырма. «...Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!!..» деген кейіпкер сөзі арқылы не айтпақшы? Өз көзқарасыңды білдіріп, шығармашылық жұмысты орында.

Дескриптор:

-Берілген кейіпкер сөзін талдайды;

-өз көзқарасын білдіреді.

3-тапсырма. «Жалған дүние» романында ғаламдық өзекті мәселе қозғалғанба? Осы сұраққа «ПОПС формуласы» арқылы жауап бер.

1. Менің ойымша, бұл...

2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін...

3. Оны мына мысалдармен дəлелдей аламын...

4. Соған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

С. Елубай «Жалған дүние»

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?

Сабақтан алған әсерлерін 2 жұлдыз, 1тілек әдісімен бағалайды.

Үйге тапсырма: С. Елубай «Жалған дүние» романындағы көркемдегіш құралдарды анықтау, мәнін ашу (10 мысал теріп жазу).

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу