Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы.

оқу мақсаты

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

сабақ мақсаты

Шығарманы ғаламдық өзекті тақырыптармен салыстырады, кейіпкерлер бейнесі арқылы тарихи, көркемдік құндылығына баға береді

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • Шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • Өз пікірін дәлелдейді;
  • Кейіпкерлер бейнесін ашады;
  • Тарихи және көркемдік құндылығына анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

Қызығушылықты ояту.

«…қатысты 10 сөзді атаңыз»

Оқушылардан «Жалған дүние» тіркесіне қатысты 10 сөз атауды сұраңыз («Жалған дүние» сөзін естігенде бірінші ойына келген сөз ). Оқушылардың айтқан сөздерімен шығарманы бөлімдерін байланыстырады.

1. Алдамшы өмір

2. Өмірге түңілу т.с.с.

3.

4.

5...

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Мұғалімнің сөзі:Шығармада қоғам тарапынан көрсетілген қысым мен сол қоғамды қабылдамаған қаһарманның оның жатсынуы суреттелген. Кейіпкерлер характері қоршаған ортада, тұрмыстың күйкі тірлігінде қалыптасқанымен, қаһарман сол күйбең тіршіліктен жоғары көтеріліп, жаратылыстың мәні туралы күрделі әрі қиын сұрақтарға жауап іздейді, жалпы адамзаттық мәселелерге басы қатады. Сондықтан болар романда өмірді суреттеуден гөрі, сол өмір туралы философиялық ойларға берілу басым. Өз ортасына, қоғамға қарсы тұрған Едігенің өзімен-өзі оңашалануы, өз ойымен жеке дара қалуы, тіпті қоғамды тастап, басқа әлемге сапар шегуі – романдағы негізгі мотивтердің бірі. Жалпы туындыда жаратылыс жұмбақтарының алдындағы адамның дәрменсіздігі мәселелері негізгі орын алған. Жазушы өткен дәуірлердің рухани және адамгершілік тәжірибесін бейнелеп, әлеуметтік-философиялық жинақтауларға, экзистенциалистік мәселелерге ден қояды. Қоғамнан қысым көрген Едіге рухани, адамгершілік тұйыққа тіреледі. Оны «Тірліктің мәні неде? Не үшін өмір сүрдім? Жаратқан Иенің адамды жаратудағы мақсаты не, не үшін жаратты, не үшін Жер бетіне жіберді?» дегендей ауқымды сұрақтар мазалайды. Шығарма шешімінде тұйықтан шығу мүмкіндігін таңдауда автор дауысын аңғарамыз.

Тапсырма. №1 Берілген үзіндіні оқи отырып, қазіргі ғаламдық мәселермен салыстырыңыздар («Жалған дүние» романында Едігенің Өктем үнмен диалогында қаһарманның заманға деген өкпесі, ішін қайнатқан ашу-ызасы ақтарылады.) 

Осы тұста жел екпіні үдей түсіп, Аспан асты ұлы ағысқа ілесе үдере көшеді. Сол ұлы көшкіннің екпіні Едігені «қалт-құлт еткен бір жалғыз түйір жаңқадай» қалтақтатып, итеріп әкетеді. Дедектеп келе жатқан Едігенің көңілі де қым-қиғаш, сезімі алай-дүлей бұрқанысқа толы. Жел екпіні екілене соғып, кейіпкерді ұшыра жаздайды. Ұйытқып, қым-қиғаш аласұрады. Жүгіріп басып келе жатқан қаһарманның ширыққан тебіренісі: «Осы кеткені кеткен. Кейін қайтпақ емес. Біржола кетеді. Мына заман, мына қоғам, мына тозақ тірліктен өстіп, қашып құтылады. Қашып барады Едіге. Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен, енді аялдайтын несі қалды?! Кетеді. Бет ауған жаққа безеді. Жоғалады... Қарасын батырады. Екі қолын төбесіне қойып, бас ауған жаққа қаңғып кетеді. Сөйтіп, «мәселені шешеді». Мына қым-қуыт аласапыран шудан азат болады. Мәңгі азат болады. Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде құлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей. Тездетіп ізін сипап өшіргісі келетіндей. Сол үшін жанталасатындай».

Тапсырма. №2 «Әдебиет лотосы» старатегиясын қолдана отырып кестені толтыру. Роман кейіпкерлерін және олардың бейнесін ашатын қасиеттерін анықтаңыздар.

Кейіпкерлер

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Мінездеу. Кейіпкерлерге  мінездеме  беру

Анықтау.

Тарихи және көркемдік құндылық

 Дескриптор:

 - Шығарма кейіпкерлерді толық біледі;

- Нақты мінездеме бере алады;

- Тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтайды.

Тапсырма. №3

«Жазушы шығармада шынайы өмірдің құндылықтарын қалай суреттеген?» атты тақырыпқа эссе жоспарын жазады.

Кіріспе

Негізгі бөлім

а)_______________

ә)_______________

Қорытынды.

Дескриптор.

  • Жоспар құрылымын сақтайды.
  • Тақырыпқа сай жоспар құрады.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

С. Елубай «Жалған дүние»

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?

Сабақтан алған әсерлерін 2 жұлдыз, 1тілек әдісімен бағалайды.

Үйге тапсырма: «Жазушы шығармада шынайы өмірдің құндылықтарын қалай суреттеген?» тақырыбына құрылған жоспарға эссе жазу.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу