Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Автор туралы дерек
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет - қазақтың ақыны, журналист.
1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.
Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан).
«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
1-тапсырма. Ж.
Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін СКТ сызбасы бойынша талдап, өлең жолдарынан құбылту мен айшықтаудың түрлерін ажыратып, талдау жасаңыздар.
Авторы
Тақырып
Жанр түрі
Идеясы
Шумақ
Тармақ
Бунақ
Буын саны
Ұйқас
Әдеби теориялық ұғым
Түсіндірме сөздік
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
2-тапсырма. ТЖ
Өлеңде көтерілген мәселені анықтап, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша сыни баға беріңіз.
«Төрт сөйлем» әдісі
Пікір
Дәлел
Мысал
Қорытынды
Дескрипторлар:
Көтерілген мәселені анықтайды;
Сыни баға береді;
Өмірден мысал келтіреді;
Қорытынды ой шығарады.
Кері байланыс «3-2-1»
Маңызды 3 факт;
Қызықты 2 нәрсе;
Сабақ бойынша 1 сұрақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?