Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңіндегі көтерілген мәселе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


1-тапсырма. Ж.

Ұ.Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін оқып, берілген кестені толтырыңыз.

 

2-тапсырма. ТЖ

«Бейнелер жұмбағы» стратегиясы

1-қадам: Оқушылар саналу арқылы «Жасырушы», «Құрастырушы», «Тапқыр» деген үш топқа бөлінеді;

2-қадам: Бұл ойын үш айналымнан тұрады. Бірінші айналымда «Жасырушы» тобы өлеңнен бір сөзді таңдап, жұмбақ арқылы жасырады, екінші айналымда топ атаулары ауыстырылып, жасырылған сөзді «Жасырушы» топ көрініс арқылы жеткізсе, үшінші айналымда топ атаулары тағы да өзгертіліп, тірек сөз сурет арқылы жасырылатын болады.

3-қадам: «Жасырушы» тобы мұғалім тарапынан берілген сөзді (мысалы: айбаттанып) жасырады. «Құрастырушы» топ осы жұмбақты тыңдай отырып, жауабын білмесе де, жұмбақ, екінші айналымда көрініс құрып, үшінші айналымда сурет салады, «Тапқыр» тобы екі топтың жұмбағын тыңдап, жауабын әзірлейді.

4 – қадам: Топтардың қызметі араластырылып тұрады.

3-тапсырма. Ж

«Біз түркілерміз» өлеңімен идеялық жағынан ұқсас 1-2 шумақ өлең немесе шағын эссе құрастырып жазыңыз.

Көк аспан, көк тәңір, асқақ арман, өктем үн, айбаттанып, қайраттанып, намыс, көк байрақ, тарих тірек сөздерін орынды қолданыңыз.

Дескрипторлар:

Өтілген шығармамен байланыстырады;

Өлең немесе эссе құрылысын сақтайды;

Тірек сөздерді орынды қолданады.

Кері байланыс «4Қ»

Қиын

Құнды;

Қызық;

Қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу