Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аңызбен өрілген көркем сөз | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз» | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Өлеңде кездесетін көркемедгіш құралдар мен айшықтаудың түрлерін талдау; көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру. | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу; Оқушылардың назарын сабаққа аударту; Саналу арқылы 4 топқа бөлінеді; Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 7 минут 5 минут | Автор туралы дерек Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет - қазақтың ақыны, журналист. 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған. Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан). «Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы. Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі. 1-тапсырма. Ж. Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін СКТ сызбасы бойынша талдап, өлең жолдарынан құбылту мен айшықтаудың түрлерін ажыратып, талдау жасаңыздар.
2-тапсырма. ТЖ Өлеңде көтерілген мәселені анықтап, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша сыни баға беріңіз. Төрт сөйлем әдісі
Дескрипторлар:
Өзара бағалау: Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды. Мұғалімнің бағалауы: Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді. | https://adebiportal.kz/kz/authors/view/955
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «3-2-1»
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?