Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.

 Сабақ мақсаттары

Өлеңдегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу; кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау.

 Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады;
  • Өлеңдегі кейіпкерлер жүйесін жинақтайды мен даралайды.

 Құндылықтарды дарыту

 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

 АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o сілтемесі арқылы кіріп, «Біз түркілерміз» өлеңін тыңдайды.

Бастапқы білім

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу;

Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

Саналу арқылы 4 топқа бөлінеді;

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

15 минут

5 минут

1-тапсырма. Ж.

Берілген сілтеме арқылы Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңінің аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыздар.

Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз

Көтерілген мәселені анықтаңыз

Ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптаптармен үндестігін ашыңыз

Автордың тіліне баға беріңіз.

 Дескрипторлар:

  • Өлең тақырыбын анықтайды;
  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Ұлттық құндылықтарды анықтайды;
  • Автор тіліне баға береді.

Өзара бағалау «Мадақтау сэндвичі» арқылы дескрипторларға сүйене отырып жүргізіледі.

2-тапсырма. ТЖ

«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және «Біз түркілерміз» өлеңін оқып, рөлдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.

Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы өлеңнің мазмұнын баяндау.

Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.

Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе өлеңнің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.

Сілтемелер табушы оның міндеті өлеңнің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.

Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті өлеңдегі кейіпкерге немесе өлең мазмұны бойынша суреттеу.

Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дескрипторлар:

  • Өлең мазмұнын талдайды;
  • Рөл бойынша тапсырмаларды орындай алады;
  • Өз ойларын еркін жеткізеді.

Топтық бағалау:

Топтық жұмыстан кейін оқушылар бір-бірін дескрипторлар арқылы ауызша бағалайды.

Мұғалімнің бағалауы:

Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.

https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бүгін мен . . . білдім.

Мен үшін қызықты болды, себебі . . .

Мен үшін қиындық туындады, ол . . .

Мен тапсырманың барлығын орындадым, өйткені . . .

Мен . . . түсіндім.

Мен . . . сезіндім.

Мен үшін . . . сәтті болды.

Мені . . . таң қалдырды.

. . . менің қолымнан келеді.

Сабақ менің өмірім үшін . . . болды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу