Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы  шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырады;

Оқушылардың көбі   шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, көркемдік құндылығын бағалайды; 

Оқушылардың кейбірі   шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Бағалау критерийі

Мазмұндас шығармалармен салыстырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: мәңгүрт, рухани мәңгүрттік, есуас, ақылы кем, т.б.Пән лексикасы және терминология: аңыз, көркемдік, құндылық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8 - 9

Қызығушылықты ояту

«Қате мәтін» әдісі

Мұғалім Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан бір эпизодты оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.

Мұнан соң қате басылған үзіндіні қалпына келтіріп мазмұндайды.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Сабақтың ортасы

10-19

20 - 32

33 - 36

ЖЖ. «Байланыстарды табу» әдісі

Оқушылар жұпта Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы оқиғалар мен кейіпкерлер арасындағы байланыстарды табады. Көтерілген мәселе ерекшелігін түсініп, талдау жасайды.

Т. «DEAL» әдісі

Оқушылар Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан және Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінен берілген үзінділерді салыстыра талдап, шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

D – Describe – шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып сипаттайды.

E – Explain – шығармалардың тарихи құндылығын түсіндіреді.

A – Anallуse – шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырып талдайды.

L – Links – Екі шығармадағы байланыстарға қорытынды жасайды, тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романы мен Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесін салыстырады

шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып сипаттайды

тарихи құндылығын түсіндіреді

үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырып талдайды

шығармалардың тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді

презентация

https://kitap.kz/books/shynghys_ajtmatov_borandy_beket/read#epubcfi(/6/6[id3]!/4/46/1:0)

Боранды бекет. Шыңғыс Айтматов

https://kitap.kz/books/kui_povest_kura/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/144/1:1197)

Күй. Әбіш Кекілбаев

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасау.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу