Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 7

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прозадағы көркем ой

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаты

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Бағалау критерийлері

  • Өзекті мәселелерді анықтайды;
  • Ғаламдық мәселелермен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Қастандық, жауыздық, махаббат, өшпенділік

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша...;

Салыстыра қарғанда...;

Өмірмен байланыстыратын болсам...;

Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы автордың тілдік қолданысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

«Ой түрткі» әдісі арқылы сауалдар қойылады:

  • Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасында қандай тақырып көтеріледі?
  • Шығармада қандай өзекті мәселелер көтерілген?
  • Шығармадағы мәселелер ғаламда кездесе ме?

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

10 минут

Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.

«Жұбыңмен бөліс» әдісі арқылы шығарма үзіндісі бойынша жұптық талқылау жүргізеді.

Тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, көтерілген мәселені анықтап, ғаламдық мәселелермен байланыстыра талдаңыз.

Бұған енді бәрі де түсінкті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды... Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды.

Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі мәселелерді анықтап, талдайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады.

Тапсырма. Ұсынылған кестедегі бірінші бағанға- көтерілген мәселелелер мен деректер, екінші бағанға – автор идеясын, үшінші бағанға – ғаламдық мәселелермен байланысты логикалық сұрақтар, төртінші бағанға – сол мәселелерді шешу жолдарын, әрекетін талдаңыздар.

F (мәселелер, деректер)

I

Автор идеясы

L

Логикалық сұрақтар

А

Жоспарлы іс-әрекет

Бағалау критерийлеріне сай бағалайды.

Бағалау критерийлері:

-шығармада көтерілген мәселелерді анықтайды;

-мәселелер туралы дерек келтіреді;

-ғаламдық мәселелермен байланысты логикалық сұрақтар құрастырады;

-мәселелердің шешу жолдарын қарастырады.

Тапсырма №3. Жеке тапсырма. Берілген үзіндіде қандай өзекті мәселе көтеріліп тұр? Автор осы мәселе арқылы қандай ғаламдық мәселені қозғағысы келеді?

Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты.

Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.

Бағалау критерийлері:

-Өзекті мәселелерді анықтайды;

-Ғаламдық мәселелермен байланыстырады.

http://adebiportal.kz/upload/iblock/5c9/5c9305b450bfd33831da984c5e1fd24f.pdf

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс алынады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

БағалауОқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу