Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.
Поээзия , өлең, жыр, асыл сөз
Поээзия , өлең, жыр, асыл сөз
Поээзия , өлең, жыр, асыл сөз
Поээзия , өлең, жыр, асыл сөз
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасыӨлең – сөздің патшасы, сөз сарасыҚиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол - ақынның білімсіз бишарасыАйтушы мен тыңдаушы көбі – надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.Әуелі аятˡ, хәдис² – сөздің басы,Қосарлы бәйітмысал³ келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз,Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.Мешіттің құтпа⁴ оқыған ғұламасы,Мүнәжат⁵ уалилердің⁶ зар наласы.Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,Әрбірі келгенінше өз шамасы.Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынҚазақтың келістірер қай баласы?Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр - жерді өлең қыпты жоқтан қармап.Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.Жат елде қайыршылық қылып жүріп,Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап,Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,Былжырақ көрінеді солар даңдақ.Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,Сендерге де келейін енді аяңдап.Батырды айтсам ел шауып алған талап,Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,Әншейін күн өткізбек әңгімегеТыңдар едің әр сөзін мыңға балап.Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,Көнгенім - ақ соған деп жүр табандап.Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.Амалдап қарағайды талға жалғап,Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,Шықпаса мыңнан біреу талғап - талғап.Мал жиып арамдықпен ұрлап - қарлап,Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.Қақса - соқса бір пайда түсе ме деп,Елдің байын еліртіп "жау мұндалап".Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап —Бұларды керек қылмас ешкім қалап.Терең ой, терең ғылым іздемейді,Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Сөздікпен жұмыс• Аят (арабша) — құран сөзі.• Хәдис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі.• Бәйіт (арабша) — өлең. "Бәйіт мысал"— мысал өлең, үлгі - өнеге өлең. Құтпа, хотбә (арабша)— уағыз оқу, сөйлеу мағынасында.• Мүнәжәт, монежат (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту.• Уәли (арабша) — әулие, пайғамбар.
Мұғалім сөзі:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған
Өлеңді "сөз патшасы" деп өте жоғары бағалай отырып, ондай өлеңді "ер данасы" ғана, яғни кемеңгер ақындар ғана қиыннан қиыстырып, тудыра алатынын айтады. Құран сөздерінің күллі мұсылманды әуеніне ұйытатын құдіреті "қисынымен қызықты болуы" деп, оны сөздің асылдығына дәлел етеді. "Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін", "айналасы теп - тегіс жұмыр" болуы, "бөтен сөзбен былғанбауы", сөйтіп, түрі мен мазмұны құп жарасып ("іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы") тұруы — ұлы Абайдың өлеңге қоятын басты талаптары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?