Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;
10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;
Сабақ мақсаты | Бағалау критерийлері |
Шығармадағы көркемдегіш құралдар түрлерін анықтау; Көркемдегіш құралдардың қызметін талдау; Шығармадағы авторлық идеяны анықтау; Идеяны өмір шындығымен байланыстыру. | Көркемдегіш құралдар мен айшықтау түрлерін теориялық тұрғыдан дәлелдеу; Көркемдегіш құралдардың мағынасын ашу; Идеяны дәлелдеуде өлеңнен мысал келтіру; Идеяны өмірмен байланыстыруда мысалдар келтіру. |
1-тапсырма:
Мақсаты: Өлең мазмұнымен танысу.
Өлеңді оқыңыз;
Кестені толтырыңыз;
Шумақ | Қысқаша мазмұны |
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. | |
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол - ақынның білімсіз бишарасы.Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. | |
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,Қосарлы бәйітмысал келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз,Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы. | |
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,Әрбірі келгенінше өз шамасы. | |
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап. | |
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынҚазақтың келістірер қай баласы? | |
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. | |
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.Жат елде қайыршылық қылып жүріп,Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап | |
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,Былжырақ көрінеді солар даңдақ. | |
Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,Сендерге де келейін енді аяңдап. | |
Батырды айтсам ел шауып алған талап,Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,Әншейін күн өткізбек әңгімегеТыңдар едің әр сөзін мыңға балап. | |
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап. | |
Амалдап қарағайды талға жалғап,Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап. | |
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,Елдің байын еліртіп «жау мұндалап». | |
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –Бұларды керек қылмас ешкім қалап.Терең ой, терең ғылым іздемейді,Өтірік пен өсекті жүндей сабап. |
Дескриптор:
Әр шумақтың түсінген мазмұнын өз сөзімен жазады;
Шумақтардың мағынасын дұрыс анықтайды.
2-тапсырама:
Мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдар түрлерін анықтау; Көркемдегіш құралдардың қызметін талдау;
Көркемдегіш құрал түрі | Анықтамасы | Өлеңнен мысал | Астарлы мағынасы |
Дескриптор:
Көркемдегіш құрал түрін дұрыс анықтайды;
Көркемдегіш құрал анықтамасын біледі;
Өлеңнен көркемдегіш құралға сай келетін мысалды табады;
көркемдегіш құралдың астарлы мағынасын ашады;
2-тапсырама:
Мақсаты: Шығармадағы авторлық идеяны анықтау; Идеяны өмір шындығымен байланыстыру.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Автордың ойынша, заманындағы өлеңдердің деңгейі қандай болған?
- Абай заманында өлең қандай мақсатта пайдаланылған?
- Автордың ойынша, өлең қандай болуы тиіс?
- Автордың ойынша, өлең мен автордың арасындағы байланыс қандай?
- Автор осы шығармасы арқылы сізге қандай ой тудырды?
- Қазіргі кездегі өлеңдердің деңгейі қандай деп ойлайсыз? Неге?
- Сіздің пікіріңізше, поэзия мен жеңіл өлеңдердің айырмашылығы неде?
Дескриптор:
Жауаптарында өлеңнен дәлел келтіреді;
Жауаптарында өмірден дәлел келтіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?