Абай Құнанбайұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


Жауап кілті

Шумақ

Қысқаша мазмұны

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлең сөздің құндылығы – ішкі мазмұн мен сыртқы пішіннің сәйкес келуінде.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол - ақынның білімсіз бишарасы.Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Деңгейі төмен ақын мен тыңдарман ұлағатты сөздік мәнін түсінбейді.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,Қосарлы бәйіт мысал келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз,Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Өнегесі жоғары шығарма – діни хадистер.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Ұлы шығарма жазу үшін терең білім қажет.

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Надан ақыннан тәрбиелік құндылығы жоқ бос сөз шығады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынҚазақтың келістірер қай баласы?

Кім мағынасы терең, сөзі көркем өлең шығаруда?!

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Қасиетті өлеңнің табыс табу құралына айналғаны

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.Жат елде қайыршылық қылып жүріп,Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап

Өлеңдегі жалған сөздің – оның қасиетін түсіруі.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Өлең сатушы ақын тауарының құнсыздығы

Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,Сендерге де келейін енді аяңдап.

Ақындардың өлең құдіретін түсінуі, ендігі кезек тыңдарманда

Батырды айтсам ел шауып алған талап,Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,Әншейін күн өткізбек әңгімегеТыңдар едің әр сөзін мыңға балап.

Уақыт алатын бос сөзге құмарлық – надандық белгісі.

Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

Тыңдарманның өлеңдегі ащы шындықты түсінбеуі, қабылдай алмауы.

Амалдап қарағайды талға жалғап,Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.

Талғам төмендігі қоғамды жайлап алған.

Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».

Надандардың өлең арқылы сынаған ақынға кектенуі

Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –Бұларды керек қылмас ешкім қалап.Терең ой, терең ғылым іздемейді,Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Бүгінгі күні барлығына керегі – жеңіл сөз.

Көркемдегіш құрал түрі

Анықтамасы

Өлеңнен мысал

Астарлы мағынасы

Метафора

Сыртқы және ішкі ұқсастыққа қарап, сөз мағынасының ауысуы болып табылады.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Өлең – сөздің қасиетті түрі.

Эпитет

Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз

жылы тиіп

Құлаққа жағымды естілетін

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы.

жоқтан қармау

Жалған айту

Метафора

Сыртқы және ішкі ұқсастыққа қарап, сөз мағынасының ауысуы болып табылады.

Іші - алтын, сырты – күміс.

Мағынасы – терең, сөзі – көркем.

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы.

Тілін безеу

Бос сөз айту

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы.

Жанын жалдау

Пайда үшін құндылықтарынан бас тарту

Тұрақты тіркес

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Қарағайды талға жалғау

Қисыны келмейтін нәрселерді қосу, біріктіру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу