«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.


Сабақтың тақырыбы

Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы

Оқу мақсаты

А/И 10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу ;

Сабақтың мақсаты

А/И Шығармадағы көтерілген мәселені талдап, өз көзқарасын білдіре отырып, шығармашылық жазба жұмысын жазады.

Бағалау критерийі:

Шығармадағы көтерілген мәселені талдайды;

Өмірмен байланыстырады;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Шығармашылық жұмыс жазады.

Ой шақыру

Абай ақындарға қандай талап қояды?

Сөз патшасы қандай болуы керек дейді?

Топ

Абай өлеңге қандай анықтама берген?

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы

2- топ

Абай ақындық пен өлеңге қандай талаптар қояды? Абайша нағыз өлең қандай болуы керек?

Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

3- топ

Өлеңнен ақынның тыңдаушыға арналған жолдарын табыңыздар, қазіргі тыңдаушы туралы өз ойларыңызды білдіріңіздер.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол - ақынның білімсіз бишарасы

Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

4- Топ

Ақын қаламының сынына кімдер іліккен?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр - жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікіріңізді қосып, әдеби эссе жазыңыз.

Тапсырма -2

Абай «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сала алмас» өлеңге жоғары талап қойып, «мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ»,- деп қазақ поэзиясындағы өлең формасына жаңалық әкелді. «Көр-жерді өлең қылған» ақындардың өлеңін сынайды. Ақындардан «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» күтті. Ал сөздің сарасы, сөздің патшасы деп таныған өлеңнің қазіргі жай- күйі қалай?

Бағалау дескрипторы:

Көтерілген мәселені талдайды;

Мәселе бойынша көзқарасын білдіреді;

Жанрлық және құрылымдық ерекшелігіне сай эссе жазады.

Ой толғаныс

«Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Кері байланыс.

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу