Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | |||||||||
Күні: | Сынып 10 сынып | ||||||||
Бөлім: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы | ||||||||
Оқу мақсаттары | Т/Ж 10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу | ||||||||
Сабақтың мақсаты | Шығармадағы ұлттық құндылықтардың үндестігін әлемдік тақырыптармен байланыстырады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Көтерілген мәселені анықтайды; Шығармадағы ұлттық құндылықтарды табады; Әлемдік тақырыптармен үндестігін талдайды. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін… | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||
Алдыңғы білім | Абай шығармашылығы | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі
| Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) Поээзия , өлең, жыр, асыл сөз осы сөздер бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарына түсінік береді. | Ресурстар | |||||||
Білімнің өзектілігі 3 минут | ІІ.Қызығыушылықты ояту https://www.youtube.com/watch?v=Sx_l1qHmz7U Поэзия менімен егіз бе едің?! М.Мақатаев Бейнематериал бойынша оқушылар пікірі сұралады. | https://www.youtube.com/watch?v=Sx_l1qHmz7U | |||||||
Мақсат қою 2 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады. | ||||||||
Жаңа материалды игеру
3 минут 5 минут
3 минут 7 минут 5 минут 5 минут | ІІІ. Мағынаны тану
1-тапсырма Сөздікпен жұмыс• Аят (арабша) — құран сөзі.• Хәдис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі.• Бәйіт (арабша) — өлең. "Бәйіт мысал"— мысал өлең, үлгі - өнеге өлең. Құтпа, хотбә (арабша)— уағыз оқу, сөйлеу мағынасында.• Мүнәжәт, монежат (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту.• Уәли (арабша) — әулие, пайғамбар Мұғалім осы сөздерді жазып, сынып ішіне жасырып қояды. Оқушылар іздеп тауып, өз тобына барып, барлығы дәптерге жазады. «Аялдама» әдісі Оқушыларға өлеңнің мәтіні таратылады. Сол мәтінмен белгіленген уақыт ішінде танысып , өлеңнен түсінгендерін постерге жазады: І топ Шығармада қандай мәселе көтерілген? ІІ топ Қандай ұлттық құндылықтар көрінісі кездеседі? ІІІ топ Өлеңдегі ойды жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырыңыз. ІV топ Шығарманың тілдік ерекшелігі Бағалау дескрипторы: Шығарма мазмұнын түсінеді; Идеясын ашады; Көтерілген мәселені анықтайды; Ұлттық құндылықтарды табады; Әлемдік тақырыптармен байланыстырады. 2- тапсырма Жеке тапсырма Оқушылар топтық талдаудан кейін жеке отырып, кестені толтырады. «Өлеңдегі негізгі үш ой»
3- тапсырма «ВЕНН» диаграммасы арқылы қазіргі ақындар мен бұрынғы ақындарды салыстырады. Бағалау дескрипторы: Шығармадағы негізгі ойды анықтайды; Екі заманның ақындарын салыстырады; |
| |||||||
Жаңа материалды бекіту 5 минут | Ой толғаныс Шығармадағы құндылықтарды әлем әдебиетіндегі тақырыптармен байланыстырып, өз ойыңызды жазыңыз.(5-6 сөйлем) | ||||||||
Кері байланыс 2 минут | Сіз үшін маңызды болған нәрсе? Сіз үшін қажет емес ... | ||||||||
Үй тапсырмасы | Өлеңнен үзінді жаттау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
|
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?