«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | ||||
Күні: | Сынып 10 сынып | |||
Бөлім: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» | ||||
Сабақтың тақырыбы | «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» | |||
Оқу мақсаттары | А/И 10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу ; | |||
Сабақтың мақсаты | Шығармадағы көтерілген мәселені талдап, өз көзқарасын білдіре отырып, шығармашылық жазба жұмысын жазады. | |||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы көтерілген мәселені талдайды; Өмірмен байланыстырады; Өзіндік көзқарасын білдіреді; Шығармашылық жұмыс жазады. | |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: өлең формасы, ақынның тілі, сөз патшасы; Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін… | |||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||
Алдыңғы білім | Абай өлеңдері, шығармашылығы туралы алған білімдерін толықтырады. | |||
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңі 3 минут | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) Топқа бөлінеді. «Атомдар және молекула» | Ресурстар | ||
Білімнің өзектілігі 4 минут | ІІ.Қызығушылықты ояту https://www.youtube.com/watch?v=nnZhHiDEcMk&t=24s М.Мақатаев «Қара өлең» Оқушылар пікірі сұралады. | https://www.youtube.com/watch?v=nnZhHiDEcMk&t=24s | ||
Мақсат қою 3 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады. | |||
Жаңа материалды игеру 8 минут
15 минут | ІІІ. Мағынаны тану.
Тапсырма -1 Өлеңде көтерілген мәселені талдап, өзіндік пікірін айтады.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасыҚиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол - ақынның білімсіз бишарасыАйтушы мен тыңдаушы көбі – надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр - жерді өлең қыпты жоқтан қармап. Тапсырма -2 Абай «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сала алмас» өлеңге жоғары талап қойып, «мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ»,- деп қазақ поэзиясындағы өлең формасына жаңалық әкелді. «Көр-жерді өлең қылған» ақындардың өлеңін сынайды. Ақындардан «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» күтті. Ал сөздің сарасы, сөздің патшасы деп таныған өлеңнің қазіргі жай- күйі қалай? Көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікіріңізді қосып, әдеби эссе жазыңыз. Бағалау дескрипторы: Көтерілген мәселені талдайды; Мәселе бойынша көзқарасын білдіреді; Жанрлық және құрылымдық ерекшелігіне сай эссе жазады. |
| ||
Жаңа материалды бекіту 3 минут | Ой толғаныс «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» | |||
Рефлексия 4 минут | Кері байланыс. «3-2-1» Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. | |||
Үй тапсырмасы | Эссені аяқтау | |||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
| ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру