«Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Бөлім: «Өлең сөздің патшасы»

Сабақ: 2

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

«Масғұт» поэмасы

10.1.3.1. көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

 Сабақ мақсаты:

Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін көркемдік тәсіл тұрғысынан талдау арқылы автордың даралауы мен жинақтауын таниды.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылыммен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих

 Дескрипторлар

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың кейіпкер сипаттамасы, портретін суреттеуіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды;
  • Кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжайды.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

ША.Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдерімен танысты.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

Қызығушылықты ояту 3 мин

«5 қадам»

  • Шығармадағы 5 оқиғаны ата...
  • Шығармадағы сізге әсер еткен 5 көрініс ...
  • Шығармадағы 5 адами құндылықтар...

Топқа бөлінеді. Масғұт, Қыдыр шал, ақ алма, сары алма, қызыл алма.

Табан суреттері

Ортасы

Мағынаны тану сатысы

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

1топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыдыр ата образын ашыңыз.

2-топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыдыр ата образын ашыңыз.

3 - топ.

Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер, суреттемелерді тауып, шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Масғұттың образын ашыңыз.

4-топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Масғұттың бейнесін ашыңыз.

5- топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, шығармадағы халық бейнесін ашыңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың кейіпкер сипаттамасы, портретін суреттеуіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды;

Тапсырманы бағалау рубрикалары

Өлшемдер

төмен

орта

жоғары

Кейіпкерге тура, жанама мінездеулерді толық береді

Топ жұмысын мазмұнды, жүйелі орындаған

Жұмыстарын талғамға сай безендірген.

2-тапсырма. 5 минуттық жазба. Ж.

Бір нұсқаны таңдап ойыңызды білдіріңіз.

Мен үшін Масғұт...

Мен үшін Қыдыр шал ....

Мен үшін бұл поэма ...

Дескриптор:

  • Кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжайды.

Өз қалауларымен автор орындығында оқу ұсынылады.

(Кез келген оқушылар өз жазғандарын сынып алдында оқиды.)

3 мин.

Рефлексия

2 мин

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу