Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


Таратпа материал

Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем...»

Дара күндерімнің,

нала түндерімнің

серігі болғаның үшін,

сенімі болғаның үшін

мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,

біреудің жасып мұңынан,

жүрегім сыздаған кезде,

жаным мұздаған кезде

мен сені саялаймын.

Біреудің күлкісін көріп,

бақыттының түр-түсін көріп,

шаттанып қалған шағымда,

жеткендей арман-сағымға,

қуаныштан дірілдеп денем,

алдыңа күлімдеп келем.

Ажалмен айқасқан сәтте

қыршын жас көз ілгенін көріп,

өткінші сезімдерді көріп,

кешегі "доспын" дегеннің

минутта жерінгенін көріп,

кімнен өшімді аларымды білмей,

кімдерге кінә тағарымды білмей,

алдыңа лапылдап келем,

жарылуға жақындап келем.

Өмірдің өткелдерінен

қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен,

өзіңмен қоштаспадым мен.

Күлкімді, жайлы күнімді,

азапты, қайғы-мұңымды

өзіммен бөліскенің үшін,

қатем мен жеңістерім үшін

менің мынау қиындау тағдырым болып

о баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем!

М.Мақатаев «Поэзия»

Поэзия! менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

Махаббаттан іздедім, сағыныштан,

Арманымнан іздедім алып ұшқан!

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау, жабығыстан.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттерден іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

1-тапсырма

Оқушыларға өлеңдерде айтылған ойды талқылайды.

  • Өлеңнің тақырыбы қандай?
  • Ақындар осындай өлең жолдары арқылы оқырманға қандай ой түйгізеді?

2-тапсырма.

Өлең мазмұны негізінде кесте толтыру. ЖЖ

Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем...»

М.Мақатаев «Поэзия»

Шығарма тақырыбы

Шығарма идеясы

Шығарма тілі

Менің қорытындым



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу