Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.


Ш. Уәлиханов

Ыстықкөл күнделігі

Шығармадан үзінді

 15 мамыр. Шелек өзеніндегі түнемелік

 Шелек өзені бастауын Алатау тауының орталық биіктігінен алады, сол жерден Талғар өзені де басталады, сосын таудың ортасын жарып батысқа қарай, Жіңішке өзеніне құлайды, сосын Ілеге құйғанша солтүстік шығысқа қарай ағады. Оған құятын немесе дұрысы оны құрайтын шағын өзендер - Қуғантөр, Деле Қарағайбұлақ, Сүттібұлақ, Үшбайсорын, Күдерге, Құрменте, екі Сарыбұлақ (Күлді Сарыбұлақ, Асу Сарыбұлақ), Сатылы және Қарабұлақ, сол жақтан Үшбұлақ, Текжол, Жіңішке, Сарыбұлақ және Асу. Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: Қуғантөр мен Деле Қарағай. Шелекке оң жақтан құятын барлық өзендерден атпен өтуге болады. Тек Құрментіден ғана маусым мен тамыз айларында түйелер өте алады.

 Шелектің ағысы барынша жылдам, жылдың барлық уақытында оның суы үнемі толы болады және ол біршама көп жерге жайылады. Ол тау басындағы қар суынан маусымның аяғында тасиды да, тамызға дейін, қазақтар айтқандай тары жинайтын уақытқа дейін созылады. Шелектің жоғарғы ағысы қазақтардың үнемі қыстайтын мекені, ерте кездерде Қарабұлақтан Үшбайсорынға дейін сарыбағыштар мекендеген, қазір онда албандық қызылбөрік руы қоныстанады. Қыс кезінде малды жайып, бағуға өте қолайлы деп Бақалы шатқалы саналады, ол Жіңішке мен Сарыбұлақ өзендерінің ортасында орналасқан. Бақалы - бақаның көп жері деген мағына береді. Сарыбағаш руынан шыққан бір қырғыз мені манап Үмбетәлі сол жерде қыстағанда, бір бастауда қыс бойы бақалар бақылдаған деп сендірді. Оның айтуынша, бақалардың терісі аппақ, ал үлкендігі жұдырықтай болыпты. Қазақтар да осылай дейді. Шелектің жоғарғы жағында бетегеден басқа шөп өспесе де, сақылдаған аязды қатаң қыс, қалың қар мен ұйытқыған боран ешқашан болмаған, қалай болса да жасы 80 ге келген шалдардың есінде жоқ.

 Шелек бойындағы Алатау қалың шырша орманына бөккен. Шелектің жағалауындағы алқаптарда мал жейтін шөп жоқ, тек жусан мен қызғалдақ бар, бірақ өзеннің жағасы тал, жиде ағашы, тобылғы, жыңғылға толы. Бұл бұталар өзеннің маңында қалың, жап-жасыл алқап түзеді. Өзен ағысының орта тұсына оны қоршаған талдардан биік орман түзіледі. Қазақтар оны Бауағаш деп атайды. Ілеге құяр тұста ол қамыс пен сексеуілге оранады. Шелек пен Іленің Қаратұрыққа дейінгі арадағы бұрыштың жағалауында, далалықтар айтқандай, жақсы шабындық жер бар. Бұл жерден тауға дейін тек шеңгел мен ши өседі.

 Қаратұрықтан Шелекке қарай жүретін жолда сол жақта сулы сай бар, ол бір батырдың моласы бойынша - Қорам деп аталады. Ол жолмен қатарласа орналасқан. Оның Шелекке жететін аяғы батпаққа айналған, жайылым шөбі көп өседі. Оның екінші жағындағы құрғақ жерде қамалдардың қирандысы, дұрысын айтқанда, қазылған ор орындары жатыр, қасында құдық бар. Қазақтардың аңызы бойынша, мұнда қалмақтардың бекінісі болған және Абылай хан оны қиратып, Шелек алқабын жаудан тазартқан. Шелектің өзінде, Бауағаштан жоғары жерде одан да үлкен қорғанның үйінділері жатыр. Маған сарыбағыштар айтқандай, марқұм Орман батыр осы жерлерде көшіп-қонып жүргенде әйелдер мен балалар сол жерлерден інжу, маржан, лағыл, моншақ тағы басқа бұйымдар тапқан. Шелектен Ыстықкөлге керуен жолы Темірліктен Қарқараға қарай өтеді, жүруге соншалықты қолайлы емес, келесісі Шелектің жоғарғы жағымен Сөгеті тауы арқылы осы аттас асудан өтіп, Торайғыр тауымен жүріп, одан әрі үш Меркіден Қарқараға шығады, Шарын алқабынан Қарқараға қарай Темірлік жолы Меркі жолымен бірігіп, жалғыз өткел (үлкен керуендер үшін) Санташ арқылы өтеді.

 Темірлік жолы анағұрлым қолайлы, тіпті, арбамен жүруге болады. Жалғыз кедергі - Темірлік өзенінің ағысынан пайда болған сай. Сөгеті және Меркімен өтетін жол түйелерге ыңғайлы, бірақ арбаға қиын. Біздің жасағымызда бір арба мен кішкентай тау зеңбірегі болғандықтан, біз түйеге арба мен зеңбіректі артып, Сөгеті асуын таңдадық.зім алғашқы балшықтан жасалған құман мен қыш құмыра сынықтарын тауып алдым. (264-265 б.)

Пайдаланылған әдебиет

  • Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы, 1-том

Алматы-2010



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу