Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.
Шығармадан үзінділер
1-үзінді
Саяхатшы болғандықтан, мен қызықты саяхат оқиғасын іздедім. Бұрын жүріп өткен жолдармен Сатының Құрметіге құятын тұсына дейін ешбір қызықты оқиға болған жоқ, тек Күдергіде жылан өлтіріп, Күрметіде қабан қудық. (294-б.)
2-үзінді
Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. (299-б.)
3-үзінді
Қазір егін орағы уақтысы. Барлық ауылдар сол үшін егіс салған жазыққа түседі, егінін орып алған соң, тамыздың соңында Балқашқа, құмды қыстауға кетеді. Түні бойы жанымыздан көш өтіп шықты. (305-б.)
4-үзінді
Біз Түптың сағасына барып, ау тастадық. Қазақтар қарабалық деп атайтын маринканың бірнешеуін, қаңылтыр деп атайтын яздарды, шабақтарды (Ертісте кездесетін кішкентай балық) ауладық.
5-үзінді
Біз бұл жерге кешке келдік. Қаздардың қиқуы мен бақаның бір ерекше түрінің айғайы жағымсыз болғаны сондай, құлағымызды тығындауға мәжбүр болдық. Өзеннің жағалауында, тау жақта, Лепсінің сағасына қарай қазақ молалары көрінді. (262-б.)
6-үзінді
18 мамыр. Торайғыр тауының күнгей [жағы]. Сұлу Қарашоқы шатқалындағы бұлақ.
Айыр асуы Сөгеті сияқты тік болмағанымен, жолда жатқан дәу тастар оны арба өтуге қолайсыз етеді. Бұл жартастардың негізін құрайтын тастар ұсақ құмдар, ондай тастармен Финляндияда жолдарды төсейді.
Пайдаланылған әдебиет
- Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы, 1-том
Алматы-2010
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?