Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


 Батыстан бастау алған модернизм ағымынан соң іле-шала дүниеге келген постмодернизм поэтикасында қоғамдағы көп қыртысты қайшылықтар мен сан алуан көзқарастар қақтығысы, сол сапырылысудың арасында табан астында тапталған құмырсқадай тағдыры тығырыққа тірелген жеке адам санасындағы өзгерістер мен басқа жан байқай қоймайтын ішкі жан әлемі алғы шепке шықты. Міне, осынау заманауи тақырыптарды өз туындыларына өзек етіп, өзі өмір сүріп отырған қоғамның тамыры тереңде жатқан қайшылықтарын өз замандастарының тағдыры арқылы зерделеуге тырысқан Роза Мұқанова – жаңашыл жазушы. Шығармашылық ізденісі іркілмей, іргелі тақырыптарды зерттеуге табанды тер төгіп жүрген таланты жазушы табиғатқа жасалып жатқан жойқын апат, қастандықтың кесірі жер бетіндегі адамзатқа атылған оқ екендігін ескертіп, әдеби кеңістікке экология тақырыбын әкелді. Оның «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бүгінгі адам мен табиғат арасындағы тартыстың трагедиялық залалын кішкентай замандасымыз Ләйләның тағдыры арқылы бейнелейді. Адамның рухани болмысын бейнелеуде жаңаша өріс ашқан қаламгер мұнда символдау, бүкпелеу, шизоанализ, галлюцинация, ырықсыздық, тұспалдау, елестету, қиялдау сынды ой толқынын, сезім ырғағын, психологиялық тартыс пен тайталасты өзіне тән мән-мағынасы терең толғаныстармен, өзгеше өң алған тың өрнекті тілмен, өзінше бір ойлы орам, оқшау оқиғамен орайлап айтқысы келетін талап қойған.

https://nur.nu.edu.kz/bitstream/handle/123456789/2041/%D0%9F%D0%A0%D0%9E%D0%97%D0%90.pdf?sequence=1&isAllowed=y



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу