Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 6-сабақ.


Төмендегі үзінді мен суреттің арасындағы байланысты анықтаңыз.

...Түн жамылған сай ішін жап-жарық Ай таң атқандай ағартып барады. «Құлыным-ай!» - деген ана-дауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап кетті. Сол-ақ екен тып-тыныш бір әлем орнады да, көкірегі қарс айырылып, ана-бейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре жөнелетін едің, қазір ше?

«Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді», - дейтін ең. Сонда әжең жарықтық: «О, қарғатайым-ау! Сен де, құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ сияқты, жұрттың көзінің жауын алып, лаулап тұратын боласың», - деп мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір қайдасың? Қайда кетіп қалғансың?»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу