Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 4-сабақ.


Орта ғасырда роман елдерінің (француз, испан, итальян) поэзиясында туып, қалыптаскан лириканың ерекше бір түрі - баллада - лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл -күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.

Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Баллада өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады: әуелде бір топ адам қол ұстасып, би билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе, кейін сыршыл толғау, енді бірде асқақ әуенді арнау түріне ауысты. Баллада кейін барлық әдебиеттерге тараған.

Қазақ поэзиясында баллада жазу дәстүрі С. Ерубаевтан басталады. Қазақ әдебиетінде оқиғалы өлеңдердің кейбір нұсқаларын Қ. Жармағамбетов жасаған еді. Оның «Бидай туралы балладасын», сондай-ақ «Мұғалима», «Күзетші» деген балладаларын кезінде өлең сүйгіш қауым жылы қабылдаған.

Ғ.Мүсіреповтің «Жапон балладасын» қарасөзбен жазылған баллада деуге болады. Адамзат тарихында тұңғыш қолданылған атом бомбасының ауыр зардабын шеккен жапон халқының жан түршігерлік трагедиясын жазушы поэзиялық леппен, терең сыршыл сезімталдықпен жеткізе білген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу