М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 26-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Махаббат және абырой | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы | |||||||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 8 А/И1. Әдеби шығарманың композициясы. | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Шығарма құрылымын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: медицина, тәуіп, ем, кие Пән лексикасы және терминология: композиция, құрылым, бөлшек, тұтас Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Отбасы құндылықтары | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экология, медицина, бейнелеу өнері | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Шығарма құрылымы туралы алған білімді кеңейту | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-7 | Ой қозғау Оқушылар сілтемеде ұсынылған Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп, ой қозғайды. Орындалған музыкалық шығарма кімдікі деп ойлайсыз? Шығарма қай жанрға жатады? Бұрын осы шығарманы қайдан естідіңіз? Әлде... Музыкалық шығармадан қандай әсер алдыңыз? Көз алдыңызға ненің бейнесін елестете алдыңыз? т.с.с. Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап айтады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-15 16-26 27-31 32-35 | 1-тапсырма. Тұжырымдар талқысы 1-топ
2- топ
3-топ
2-тапсырма. «Талдап білу» әдісі Оқушыларға «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мәтіні таратылады. Оқушылар топ ішінде өзара атқаратын қызметтерін бөліп алады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының экспозициясын бірінен соң бірі оқиды. Талқылаушы - «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын, сюжетін талдайды. Белгілеуші - Оқиғаның басталуы бойынша сұрақ дайындайды. (Жетімкөл туралы аңыздар.Көл еркесі – сұлу аққулар.) Байланыстырушы - поэмадан алынған үзіндідегі мәселені өмірмен байланыстырады.(Ауру бала, тәуіп айтқан ем.) Топ шешені - шығарма оқиғасының шиеленісуіне байланысты сөйлейді, ана махаббаты туралы мақал-мәтел айтады (Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.) Қорытындылаушы- оқиғаның шарықтау шегі мен шешіміне қорытынды айтып, баға береді. (Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.) 3-тапсырма. ПОПС формуласы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы тағдырына мойынсынған ана : Аққулар,кешіріңдер,жазықтымын! Қараймын керуеніңе қажып бүгін. Адасып кетті-ау бірге сендерменен, Алапат күшім менен нәзіктігім,- деп өз қателігін түсініп, табиғат Ананың алдында бас иді деген тұжырымға пікір білдіріп, қорытынды жазыңыз.
Өздік бағалау.
| презентация | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 |
| |||||||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | ||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?