М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Кие және Ана махаббаты. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ :25

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Кие және Ана махаббаты

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы.

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақ мақсаты:

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.

Бағалау критерийі

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады.

Дескриптор

Поэма туралы білетіні және түсінгенін тоқтамай айтады;

Тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтады;:

Сұрақтар жазады;

Сұрақтарға жауап жазады;

Бір-бірінің жауабымен танысады,

Поэманың тақырыбы мен сюжетіне талдау жасайды;

Оқиғаның басталуы бойынша сұрақ дайындайды;

Мәселені өмірмен байланыстырады;

Ана махаббаты туралы мақал-мәтел айтады;

Оқиғаның шешіміне қорытынды айтып, баға береді;

Поэма көтерген мәселені жазады;

Поэманың негізгі түсініктерін жазады;

Мәселенің шығу себептерін жазады;

Мәселенің шешімін жазады;

Мәселенің шешімін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Биология, география, музыка

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация https://kitap.kz/index.php/audiobooks/bota_akkular_uiktaganda

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Медицина, тәуіп, ем, кие

Осыған дейін меңгерілген білім

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.

Жоспар

Жоспарла-натын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Сабақтың соңы

5 мин

Қызығушылықты ояту. «1 минут» әдісі

  • 1 минуттың ішінде М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білетіндігі және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірлерін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.
  • Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.
  • Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуға тиіс.
  • Экранда таймер қосылып, аралас жұптар қайта бастайды.
  • Осылайша 5 минут уақыттың ішінде 5 жұпта түрлі байланыс орнайды.
  • Оқушылардың әңгімелесуіне байланысты «бақылаушы парағы» толтырылады.

1-тапсырма. «Пирамидалық талқылау» әдісі

  • Сынып алдынала бірнеше топқа бөлінеді.
  • Әр топқа пирамиданың суреті салынған қағаздар таратылады.
  • Бұл тапсырмада екі сұраққа жауап беру көзделеді.
  • Бірінші сұрақ екінші сұрақтың негізін құруы тиіс.
  • Екінші сұрақ оқушыларды тереңірек ойлануға ынталандыруы тиіс.
  • Топ мүшелері өз бөліктеріне сұрақтар жазады
  • Содан оқушылар қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауаптарымен танысады.
  • Енді топ болып талқылап, екінші сұраққа жауап береді.
  • Қағаздың ішіндегі кіші төртбұрышқа екінші сұрақтың жауабы жазылады.
  • Жан-жағына бірінші сұраққа қатысты әр оқушының жауабы белгіленеді.

Сұрақ үлгілері:

  • Поэмада көтерілген мәселе не?
  • Ананы аққуды атуға итермелеген қандай күш?
  • Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма?
  • Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер?
  • Тәуіп деген кім?
  • Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?

2-тапсырма.«Талдап білу»әдісі

  • Оқушылар топ ішінде өзара атқаратын қызметтерін бөліп алады.
  • «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының экспозициясын бірінен соң бірі оқиды.

Талқылаушы -«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын, сюжетін талдайды.

Белгілеуші - Оқиғаның басталуы бойынша сұрақ дайындайды. (Жетімкөл туралы аңыздар.

Көл еркесі – сұлу аққулар.)

Байланыстырушы - поэмадан алынған үзіндідегі мәселені өмірмен байланыстырады.

(Ауру бала, тәуіп айтқан ем.)

Топ шешені - шығарма оқиғасының шиеленісуіне байланысты сөйлейді, ана махаббаты туралы мақал-мәтел айтады.

(Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.)

Қорытындылаушы- оқиғаның шарықтау шегі мен шешіміне қорытынды айтып, баға береді. (Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін

тартқан ана.)

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды жұпта талда. Валеология пәніндегі «Денсаулықты сақтау және нығайту» тақырыбымен байланыстыр.

  • Адамның денсаулығына кім жауапты?
  • Ананың іс-әрекеті денсаулығын сақтау, ұрпағын сақтау бола алмады?
  • Сенің денсаулығыңа кім жауапты?

4-тапсырма. «Фишбоун» әдісі

  • Талдау жасау үшін балық қаңқасы салынған қағаз таратылады.
  • Басына поэма көтерген мәселені, үстіңгі сүйектерге поэманың негізгі түсініктерін,

астыңғы сүйектерге мәселенің шығу себептерін, құйрығына мәселенің шешімін жазады.

  • Оқушылар мәселенің шешімін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

поэманың негізгі түсініктері

поэма көтерген мәселе

мәселенің шешімі

мәселенің шығу себептері

Кері байланыс:

1-слайд

2-слайд

3-слайд

4-слайд

5-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу