М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қасиет пен қасірет. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 24-сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ :24

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Мұңға батқан Жетімкөл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.1. 1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды;

Бағалау критерийі

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді;

Сурет бойынша сабақта талданатын оқиғаға болжау жасайды;

Мәтін бөліктеріне сай тапсырмаларды бөліп алады;

Оқылған үзіндіге талдау жасайды;

Талқыланған тапсырманы түсіндіреді;

Мәтін мазмұны бойынша өзара сұрақтар қояды;

Шығарманың экспозициясы мен эпилогын анықтайды;

Сюжеттік желідегі орнына реттейді;

Экспозиция арқылы автордың айтпақ ойын түсіндіреді;

Шығарма экспозициясын үнтаспадан тыңдайды;

Жетімкөлдің атынан өз экспозициясын жазады.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Биология, география, музыка

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнебаян, слайд

Дифференциация

Барлығы: шығарманы түсініп оқып, мазмұнын айта алады.

Басым бөлігі: шығарманы толық талдап, сюжеттік желілерін анықтай алады.

Кейбірі: кейіпкерлерді сомдауда мінездеулерді жіктей алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Жетімкөл, аққу, айдын

Осыған дейін меңгерілген білім

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Жоспар

Жоспарла-натын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Сабақтың соңы

5 мин

Қызығушылықты ояту . «Сурет сұрағы» әдісі

Бұл сурет қайдан алынды?

Бұл сурет қашан салынуы немесе түсірілуі мүмкін?

Суретте нені көріп тұрсыңдар?

Суреттегі құбылыстар арасында қандай байланыс бар?

Суретке түсірген адам кім болуы мүмкін?

Суретші нені, қандай оқиғаны суреттегісі келді?

Егер де бұл сурет ән/музыка үшін арнайы салынса, оның атауы қандай болар еді?

Егер мақала үшін салынса, оның атауы не болмақ?

1-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі

1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

Тау басына біткен сұлу көл –

1. Қалай біткен мына көл тау басына?

2. Жетім көл жетімсірейді.

3. Аққулар айдынына оралмады.

Ауру бала немесе шарасыз отбасы –

1. Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.

2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.

3. Ананың шешімі.

4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.

5. Жетім көлден сән кетті

Бақташы қарт. Шарасыз ана –

1. Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.

2. Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.

3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.

4. Қасиет.Қасірет.

Аққулар - Аңыз көп қой олар жайлы.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

2-тапсырма.«Оқиға тауы» әдісі

1. Шығарма экспозициясымен эпилогын анықтайды;

2. Сюжеттік желідегі ретінеорналастырады.

3. М.Мақатаевтың«Аққулар ұйықтағанда»поэмасында экспоциянықолдану арқылы не туралыайтқысы келді?

4-тапсырма. «RAFT» әдісі

"Аққулар ұйықтағанда - бірінші бөлім" Мұқағали Мақатаев. Оқыған: Бауыржан Сапаров

Шығарма экспозициясы жазылған үнтаспадан үзінді тыңдап, Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта өз прологын жазады.

Сабақты қорыту: «Синквейн» әдісі арқылы қорыту.

(бес жолды өлең).

Рефлексия:

Үйге тапсырма беру. Шығармадан ұлттық құндылықтарды анықтау

1-слайд

2-слайд

3-слайд

https://www.youtube.com/watch?v=sZfzTFBYDuY 0.20.-1.48.

4-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу