М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қасиет пен қасірет. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 27-сабақ.


Таратпа материалы

1-тапсырма. «Жіктеу» әдісі

Үзінділерді кестеге толтыра отырып, көркемдегіш құралдарды анықтайды.

  • Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай;
  • Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға;
  • Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.

Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным;

  • Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!;
  • Айдын - төсек, аспанды жамылуда.;

Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда;

  • Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр - аппақ нұрға қосылады;

  • ....Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап;

  • Ей, ақша бұлт,

Жаулығыңмен оларды жасыр барып;

  • Аққулар тарануда,

Сусып түсіп, су моншақ арқасынан;

  • Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,

Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!;

  • Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр;

  • Көз алмай орамалды ұрғашыдан,

Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан;

  • Әлденеден сұм жүрек сескенеді,

Аракідік әлдене ес береді.

Көркемдегіш құралдар

Үзінді

Теңеу

Метафора

Кейіптеу

Синекдоха

Метонимия

Эпитет

2-тапсырма. «ҒЗО» әдісі

Үзінді

Көркемдегіш құрал

Ақынның

қолдану ерекшелігі

Өзіндік пікір

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,Миын қарып барады, миын қарып...Бар өмірден көңілі шайлығуда,Байғұс ана еркінен айрылуда.Әлденеден сұм жүрек сескенеді,Аракідік әлдене ес береді.

Көріп-біліп, таныпты тастар да естен.Алып аспан астына сыя алмай бір,Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр,Айдын көлін аққулар қия алмай жүр…

Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..«Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?Балам-ай, мынау өмір-дарияның,Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,Құлынымның қасынан неге кеткем?!Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,Жылға да жоқ даламен жалғасуға.Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,Қалай біткен мына көл тау басына?!

... Сарқытындай өлімнің қалған қарға,Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу