Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.
Мұғалімге арналған ақпарат
«Еңлік–Кебек»нұсқасы https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%9A%D0%B5%D0%B1%D0%B5%D0%BA
Әли Оқаповтың орындауындағы «Еңлік – Кебек» әні http://www.kazmuz.kz/index.php?id=10723&lang=rus
М.Әуезов «Еңлік –Кебек» пьесасы
( салыстырмалы талдауға арналаған)
1919 жылы Мұхтар Әуезов семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың адамдыққа тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ? «…Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деп нақты, дәлелді тұжырымдайды. М.Әуезов казақ әйелінің бүкіл болмысына, жан-дүниесіне, сезім сырына терең үңіліп, ерекше ықыласпен суреттей білді. Әдебиеттің өшпейтін, мәңгілік тақырыбы – әйел болса, оны жан-жақты танытып, әсемдік әлемін жеткізе бейнеледі. 1917 жылы «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылып, «Алаш», «Сарыарқа» газеттеріңде, 1918 жылы «Абай» журналында жиырмаға тарта еңбектері басылды.Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік- Кебек» трагедиясын жасай білді. Драма заңдылықтарын жете меңгергенін танытты, оның ірге тасын қалады. «Еңлік–Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды.Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.Пьеса өзінің өзек жарды сырын толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.Абыз – халық арманының қасиетті идеясын арқалаушы жан. Мысалы, мәтінге үңілсек:
Құйрығы жоқ, жалы жоқҚұлан қайтіп күн көрер.Аяғы жоқ, қолы жоқЖылан қайтіп күн көрер!
Батыр Кебек. …Өз көңілімді барласам, дүние бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат!… Сүйерім мен сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам – ән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем. Қазірде, міне, сүйгендеймін, ынтығамын. Бірақ қайда сол, кім сол өзі, кезікпедім, таппадым. Тек алдымда нәркес қана қара көз. «Ізде мені, тап мені!» – деп, тұнжырап қана бір қарап, наз тастап қана бір кетеді!..Бұл сөздер жалғыз Кебек сөзі емес, Кебек сияқты жас адамның ішкі толғанысы, жан сыры екені толық көрініс береді. Пьесада батырдың жігіттік адамдық қасиеттері, ақыл-парасаты Еңлік сөзіне берілген жауаптан анық байқалады. Драманың барысы халық поэзиясының дәстүрлі ізімен астасып жатыр. Еңліктің ата-анасымен қоштасу өлеңінен мұң боп төгілген көздің жасын көреміз. Жылап тұрса да ертеңіне үміт артқан Еңліктің жүрек жарды сырын танимыз. Мысалы:
Ата-анам ақ батаңды аттап кеттім,Тентек ел талқысына тастап кеттім.Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.Білмеймін қандай асу жолда жатыр.Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр.Сиынып аруақ пен бір құдайға,Ұстадым етегіңнен баста, батыр!
Енді бірде жас ару:
Жар көрсе сүйінеді сағынған жас.Толқытпай ауған көңіл ерікке қоймас.Сұраймын уәдені ұстап келді ме деп,Бауырына, жан батырым, айтшы жартас! –
дей келе, өз құпиясын білдіреді.…Мен төкпеген жас, шертпеген шер бар ма еді бауырыңда. Игілік пен сәті сәскеде келтір жалғыз арман жанымды…жалғыз тірек жарымды!..Алып ұшқан, асқақ албырт сезімді танып, қыз жүрегінің лүпілін естігендей әсерге бөленеміз.Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызыққа қызығу емес, баянды сүйіспеншілікті аңсаған жүрек дүрсілі, арман-тілегі Кебек пен арадағы диалогте жақсы ашылған. Осының бәрін жазушы мейлінше көркем бейнелейді. Сөз сиқыры, суреткерлік шеберліктің құдіретті күшін тани түсеміз.Батыр Есен. Ол даңғой, мақтаншақ, өркөкірек, оңай алдауға түсіп қалар аңғал түрінде суреттеледі.Абыз сөзіне тосылып жауап таппай сасқалақтаған түрі… «Болды, баба! Тоқта, баба, толас бер. Жеңілдім, жеңдің сен мені…»Ел намысы үшін жаумен егесудің орнына, өзіндей батыр Кебекпен бәсекелесуінен Есеннің үйтентек (ұсақ) батыр екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл азаматтыққа үлкен сын екенін түсінген оқырман тағы еріксіз ойланады.«Еңлік–Кебек» пьесасы қазақ әдебиетінде ғана емес, тарихы үлкен ірі әдебиеттердің осы жанрдағы үлгілерімен теңдес түсетін шығарма. М.Әуезовтің драматургия саласындағы еңбегі қазақ көркем өнерін ілгері дамытуда, ұлттық театр шаңырақтарын көтеруде ерекше рөл атқарды.Драма театры 1926 жылы өзінің шымылдығын тұңғыш рет «Еңлік–Кебек» трагедиясымен ашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?