Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 15-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 15
Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы | ||||||||||||||
Оқу мақсаты | 8.А/И1.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Шығарманың құрылымын жан-жақты талдайды. | ||||||||||||||
Бағалау критерийі | Шығарманың құрылымын жан-жақты талдай алады. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Толғаудың композициялық құрылымын түсінеді; Толғаудың сюжеттік желісін таниды; Жазылым жұмысында композициялық құрылымға сай талдау жұмыстарында өз көзқарастарын нақты жеткізе алады. Пәндік лексика мен терминология: композиция, сюжет,Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада жайында былай ойлаймын... Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады: Толғаудың маған ерекше әсер еткен тұстары: | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ізгілік,Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Ақтамберді жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп»толғауын композициялық құрылымына талдау кезеңінде тарих пәнімен байланыс болады. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының идеясы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін қолдану арқылы шығарманы композициялық құрылымына сай жан- жақты талдайды. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | 1.Миға шабуыл «Конверт сұрақ» Оқушылар толғау мазмұны бойынша 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.Оқушы стикерге атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі. Топ спикері стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Оқушылар сұрақты шығарманың композициялық құрылымына сай құрастырып, пікір алмасады. 1.«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауының идеясы қандай? 2. Толғау қандай ойға неге жетелейді? т.б. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| http://bilim-all.kz/olen/1907-Kuldir-kuldir-kisinetip «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 27 минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Сюжеттік кесте» Оқушылар сандар бойынша төрт топқа бөлінеді.Топ мүшелеріне толғау бөліктері бірнеше бөлікке бөлініп таратылады. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері мәтін бөліктерін біріктіреді:
Сюжеттік-композициялық талдауда сюжет реттілігі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып ойларын жеткізеді.
3. Мағынаны тану 2-тапсырма «Тақырыптық теннис» әдісі Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Үш ойыншы, бір судья. Ойыншылар толғауды композициялық құрылымға сай қарасөзбен мазмұндап айтуы керек. Топтың төртінші ойыншысы есеп жүргізіп отырады. Төртінші ойыншы әңгімені мазмұндаушы ойыншылардың біріншісін тоқтатқан кезде келесі ойыншы оның ойын жалғастыруы керек. Ойын мазмұндаушының бірі тоқтағанға дейін жалғаса береді. 3-тапсырма «Серпілген сауал» әдісі Оқушылар Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Күлдір -күлдір кісінетіп» толғауын тыңдайды. (https://www.youtube.com/watch?v=15VisMaPUy4) Сонымен қатар толғау мәтіні де оқушыларға таратылады. Оқушылар естігендері мен оқығандарынан алған әсерлері бойынша пікір алмасады. Пікір алмасу сұрақтары:
4. Бекіту 4-тапсырма «Өкіл» стратегиясы Сынып топқа бөлінеді, топтарға Ақтамберді жыраудың толғаулары туралы айтылған пікірлер таратылады, оны топпен талқылайды. Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды. Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері толғаудың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып ары қарай жалғастырып жазады. Қабілеті жоғары оқушылар «өкіл» болып сайланады, мұғалім «өкілді» өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды. 5. Салыстыру 5-тапсырма Жырау заманындағы азат ел болу жайлы арманы мен бүгінгі қазақ елінің дамыған ел қатарына қосылып, «тәуелсіз ел» атануын салыстырыңыз. 6.Бағалау 6 - тапсырма «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы үш адамнан тұратын топқа бірігеді: спикер, интервьюер, хатшы. Әр топқа «Біздің тақырып» атауымен Ақтамберді жырау толғауынан алынған «Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу» сөздері мен шығарма үзінділері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. СПИКЕР «Біздің тақырып» бөлігіндегі сөздерді шығарма үзінділерімен салыстырады (немесе шығарма идеясы туралы өз ойымен бөліседі). ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. Бағалау критерийіне сай қорытынды ойын айтып, жауаптар мен сұрақтарға баға береді. Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды «ИНТЕРВЬЮЕР» рөлін атқаруға бағыттауы қажет.Топ мүшелері спикерлерді сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды. | https://www.youtube.com/watch?v=15VisMaPUy4 шығарма үзінділері жазылған үлестірме қағаздар, интерактивті тақта. | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Кері байланыс: «Кезбе тілші» әдісі Оқушылар «Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топты аралап жаңалықтар бағдарламасын жасайды. Жаңалық бағдарламасы үшін қойылатын сұрақтың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін:
«Кезбе тілші» рөліндегі оқушы сұрақ бойынша жасаған бағдарламасын тақтаға апарып іледі, басқа топ мүшелері смайликтерге өз көзқарастарын білдіріп, кері байланыс береді де жұмыстың астына жапсырады. Қабілеті жоғары оқушыларды «кезбе тілші» рөлін атқарады. | Смайликтер | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Өкіл» , «Кезбе тілші» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Кезбе тілші», «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалысына ерекше мән беріледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?