Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 19-сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 19

Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары

Оқу мақсаты

8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

 Бағалау критерийі

  • шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып ,тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Толғаудың тақырыбы мен идеясын осы тектес шығармалармен салыстырады;

Ауызша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: Тарихи және көркемдік құндылық

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үнестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Құндылықтарды дарыту

Жауапты азаматтық позиция

 Пәнаралық байланыс

Ақтамберді жырау толғауларының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының идеясы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1.Миға шабуыл

«Хронология» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушыларға интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан жыраулар жайлы презентация (http://www.myshared.ru/slide/1372251/ ) көрсетіледі. Оқушылар алдымен бұл адамдардың кім екенін анықтайды. Содан кейін «Зерттеушілер» тобы суреттегі Ақтамберді мен Бұхар жыраудың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады. (Қабілеті жоғары оқушыны зерттеуші, қабілеті орта оқушы оқырман болуға бағыттаңыз).Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыра алады;
  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

1. тақырып бойынша шағын зерттеу жұмысының тезисін ұсынады;

2. Ақтамберді толғауларының басқа шығармалармен ұқсастығын/айырмашылығын табады;

3.оларды салыстырып, құндылығын бағалайды.

http://www.myshared.ru/slide/1372251/ «Жыраулар»

Сабақтың ортасы

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

  • Ақтамберді поэзиясы философиялық толғаныстардың қайнар көзі.
  • Ақтамберді толғауларындағы тарихи және көркемдік құндылықтардың көрінісі.
  • Ақтамберді заман шындығын жырлай білген жырау.

Жоба құрылымы:

  • Кіріспе
  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі
  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
  • Зерттеу жұмысының әдістері
  • Зерттеу жұмысының болжамы
  • Зерттеу жұмысының құрылымы
  • Зерттеу бөлімі
  • Қорытынды

3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі

Жоба тезисін топ спикері қорғайды.

Топ спикері:

  • өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.
  • өздері зерттеген жұмыстың өзектілігі, тарихи және көркемдік құндылығы туралы ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады:

1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен көркемдік құндылығына өзіндік пікірін білдіреді.

2. Дәлел.: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал: Өз ойын жырау толғаулары, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды: Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

4.Бекіту

3-тапсырма

«Дөңгелек үстел» стратегиясы

Сынып оқушыларына Бұхар жырау «Ай не болар күннен соң» және Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары таратылады. Оқушылар оқып, төмендегі сұрақтар бойынша топпен талдап, өзіндік пікір білдіреді:

  • Ақтамберді мен Бұхар толғауларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
  • Екі жырау толғауларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?

5.Салыстыру

4- тапсырма «Венн диаграммасы»

  • Екі жырау толғауларындағы тақырып пен идея ұқсастығы мен айырмашылығын «Венн диаграммасына» арқылы салыстырыңыз.

6.Бағалау

5- тапсырма «Әдеби шеңбер»

1. Талқы себепшісі –Ақтамберді жыраудың толғаулары бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығарманың тарихи маңыздылығын бүгінгі күнмен үндестіру)

2. Белгілеуші – толғаудың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.

3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы – шығармадағы өзекті ойға баға беріп, қорытындылайды.

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды «талқы себепшісі» немесе «белгілеуші» болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.

http://bilim-all.kz/olen/1907-Kuldir-kuldir-kisinetip

https://bukharzhirau.psu.kz/index.php/le-deri

https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet

Сабақтың соңы

Кері байланыс: Оқушылар «Пайдалы үш нәрсе» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалап, тексереді.

  • Бүгінгі сабақта сен қандай пайдалы үш нәрсе жасадың?
  • Сен келесі сабақты қалай өзгертер едің?
  • Оны қалай өзгертесің?

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Хронология», «Шығармашылық ізденіс» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Әдеби шеңбер» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Хронология»,«Шығармашылық ізденіс», «Әдеби шеңбер», «Дөңгелек үстел» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалықа ерекше мән беріледі.

Сыныптағы үстелдер қабырғаға жылжытылады, орындықтар екі қатарға қарама-қарсы, оқушылардың дауыстары анық естілетіндей етіп қойылады. Сараптама жасайтын оқушыға жеке орын дайындалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу