Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.
Оқу мақсаты:
А/И1 Шығармадағы эпизодтар
мен бейнелерді салыстыру
Бағалау критерийі:
Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі
Ұқсас екі шығарманы салыстырады
Ойларына дәлел келтіріп айтады
Төмендегі кестені сәйкестендір және дұрыс жауаппен салыстыр. Өз пікіріңді білдір.
Дұрыс жауап
Бұмын қаған – Түркі қағанатын негізін қалаған
Елтеріс – түркі елін жалғастырған басшы
Білге – хан
Күлтегін - батыр
Тоңұқұқ – ақылшы, кеңесші
Қапаған – Елтерістен кейін таққа отырған адам
Топық жұмыс.
1-топ.
«Күлтегін» жыры мен батырлар жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңыздар
2-топ.
Күлтегін батыр мен Алпамыс батырдың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар
3- топ.
Күлтегін батырдың астына мінге аты мен Тайбурылды салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.
4- топ
Күлтегін батырға ақыл кеңес беретін Тоңұқұқты батырлар жырында батырларға ақыл- кеңес беретін тұлғалармен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жүргізіңіз. (Оқушылар белгілі бір батырлар жырын таңдай алады. Мысалы, «Қобланды батыр, «Алпамыс батыр» т.с.с)
Бағалау. «Микрафон» әдісі
Үйге тапсырма
««Күлтегін» шығармасын әсерлі етіп тұрған не?» деген тақырыпта сыни шолу жазып келу
Жетістік критерийі:
Сұраққа дәледі жауап жазады
Сыни көзқарас танытады
Жеке көзқарасы бар
Көркемдеуіш құралдарын қолдана отырып, жазады
Сауатты жазады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?