Ерлан Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


ІV бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым

3-сабақ

Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі

Сабақ мақсаты

Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау

Ойлан, тап!

Мектеп ішіндегі танымал жерлерді сипаттап айт. (асхана, кітапхана, оранжерея, спорт зал)

Сыныптағы бір оқушыны сипаттап айт. Мысалы:

Орта бойлы, шашы қайратты деген сипаттамаға ерекшелендіретін бір қасиетін қоса айту керек.

оқиға орнының суреттелуін қара сөзге айналдырып жаз.

Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,

Темір бұғаулар тозғасын,

Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –

Империяның көз жасын!

Алып мұхиттар толқығанын көрдім,

Бір тамшы суға байланып,

Алып тәждердің балқығанын көрдім,

Елтаңбаларға айналып.

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,

Сұлаған жаудай жебеден,

Алып саналар жиналарын көрдім,

Тұрғызу үшін жаңа әлем!

Құрыштардың да шірігенін көрдім,

Сен боса, болат, тас егіл!

Темір шымылдық түрілерін көрдім,

Сахнаға шықты жас өмір! Алты жасымда!

3апсырма

Үздіні оқы. Ана бейнесін қара сөзбен сипаттап жаз.

Түсінбесем де тыңдаймын,

Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...

Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,

Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!

Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:

Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!

Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте

Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.

Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,

Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,

«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,

Ол, бəлкім, менен Сөз күтті!

3- тапсырма

Осы өлеңдегі кейіпкер - ақын бейнесін суреттеп жаз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексия «БАҒДАРШАМ»

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңілкүйім жоқ

Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңілкүйім тамаша

[attachment=27964:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_3-saba_prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу