Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 2 нұсқа.
Сабақ жоспары
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары Шешендік сөздер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Р.С. | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Әлемді өзгерткен өнертабыстары (2-нұсқа) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу; | ||||||
Сабақтың мақсаты | Таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; Әлемді өзгерткен өнертабыстар туралы мақалаға жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу; | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Дескрипторлар |
| ||||||
Тілдік дағдылар | Рецензия, баға беру, қысқаша баяндалуы, рәсімделуі, рецензент | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||
Дифференциация | Нәтиже немесе жауап бойынша саралау (барлық тапсырмалар) Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау (Мағынаны тану) | ||||||
Пәнаралық байланыс | Химия, физика | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, ғылым салаларындағы өнертабыстар туралы білімдерін толықтырады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||
Сабақтың басы 3 минут | Қызығушылықты ояту. Суретке қарап, техниканың қалай дамығанын талқылаңдар. Суретке мұқият қараңдар. Бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін? | Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 15 минут 7 минут 3 минут | Мәтіналды тапсырма. С.
2. Жұппен бірге рецензияның үлгісімен таныс. Төмендегі сұрақтарды талқыла: - Рецензия мазмұны қандай ақпараттарды қамтиды? - Рецензия қандай стильде жазылады? - Рецензия неше бөліктен тұрады? - Рецензия қалай рәсімделеді? Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек: 1. Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі2. Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы 3. Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі 4. Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері 5. Жариялауға ұсыну 6. Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы. Мәтін тапсырмасы. Ж. Тапсырма: - Б.Бұқабаеваның «Өнертабыстар мен ашылымдар» тақырыбындағы мақаласын оқы. - Мақалаға рецензия жаз. - Рецензия жазудың үлгісін басшылыққа ал. Өнертабыстар мен ашылымдар Мақала Қарапайым тілмен айтқанда, ашылым дегеніміз – өмірде бар, бірақ ешкімге белгісіз болып келген затты немесе құбылысты анықтау, ашу. Ал өнертабыс дегеніміз – жаңа затты ойлап табу. Осы уақытқа дейін адамзат көптеген дүниелерді ашты. Олардың көбі əлемді өзгертіп, тіпті жаңа ашылымдар мен өнертабыстарға да себепші болды. Үздіксіз ашылымдар қазіргі таңдағы бізге таныс, тұрмыста жиі қолданып жүрген заттардың пайда болуына əкелді. Отты пайдалану мен игеру – адамзат жасаған ең маңызды ашылымдардың бірі. Отты игеру мүмкіндігі болмағанда заманауи өркениет болмас еді. XX ғасырдағы ғылыми жетістіктер де таңғалдырады. Қазірдің өзінде ғылыми ашылымдардың жиілегені соншалық, тіпті олардың ең маңыздыларының тізімін жасап, ғылымда немесе күнделікті қолданыста қаншалықты пайдалы екенін анықтау өте қиын болып отыр. Аристотельдің элементтер теориясы. Грек философы Аристотель физика бойынша көптеген теорияларды тұжырымдаған. Оның пікірінше, Жерді құрайтын элементтер аспан мен ғарышты құрайтын элементтерден өзгеше. Аристотель Жер төрт негізгі элементтен тұрады деп түсіндірді. Ол элементтер – жер (топырақ), ауа, су жəне от. Олар ауыр жəне жеңіл элементтер болып екіге бөлінді. Темір, металл секілді ауыр заттар жер элементтерінен құралған. Ондағы басқа элементтердің көлемі шектеулі деп тұжырымдалған. Жеңіл салмақты элементтердің құрамында жер элементінің үлесі аз. Олар басқа элементтердің жиынтығынан құралған. Аристотельдің пікірінше, заттар сезім мүшелеріне қалай сезілсе, оларды солай қабылдауымыз керек. Аристотель заттардың қасиеттерін олардың табиғи құрамы тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеген. Аристотельдің пікірінше, аспан және ғаламдағы барлық заттардың бөлшектері «эфир» деген бесінші элементтен құрылған. Аристотель ортақ қасиеттері арқылы барлық элементтердің басқа элементке айнала алатындығын айтқан. Оның теориясы бойынша, зат құрамындағы əр элементтің үлес салмағының əртүрлілігі əлемдегі заттардың шексіз əртүрлілігін қамтамасыз етеді. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды. Ол 2000 жылға жуық уақыт үстемдік етті. Аристотельдің элементтер теориясы алхимия ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Бұқабаева. Б Мәтін соңы тапсырмасы 1. Сұрақтарға жауап беру үшін сыныптасың жазған рецензияны тексер. Рецензияңда: - мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі көрсетілген бе? - мақала арналған мәселе қысқаша баяндалған ба? - ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі айқындалған ба? - автордың мақалада ашқан маңызды аспектілері көрініс тапты ма? - мақаланы жариялауға ұсыныс жасалды ма? - рецензент туралы мәліметтер қамтылды ма? Сұрақтарға толық жауап ала алмасаң, рецензия жазушыға ұсыныс жаз. 2. Рецензияңды тағы бір рет оқып, сыныптасың ұсынған кеңестер негізінде түзетулер енгіз. Дескрипторлар:
Өзіндік бағалау. Оқушылар БК негізге ала отырып, өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы: Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, оқушыларға кері байланыс ұсынады. | 1-қосымша 2-қосымша | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия •Маған қиындық келтіргені… •Мен үшін орындауға жеңіл болғаны... •Маған ұнағаны… | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?