Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Пән: қазақ тілі 1-нұсқа | Мектеп: | |||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Әлемді өзгерткен өнертабыстар | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Әлемді өзгерткен өнертабыстар тақырыбы бойынша мәтіндегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау. | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады. | |||||
Құндылықтарды игерту | Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау). Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау). Жаһандық азамат | |||||
Пәнаралық байланыс | Физика, Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс (сабақ ортасындағы материалдар негізінде) | |||||
Бастапқы білім | Публицистикалық стиль | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 5 минут
| Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Оқушылармен бірге бағалау критерийін талқылайды. Тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі. Оқушылар өз білімдерімен бөліседі.
| |||||
Сабақтың ортасы 7 минут | Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушыларға физика, биология, химия, математика немесе өздері таңдаған ғылым салалары бойынша қима қағаздар (таратпада берілді) ұсынылады. Олар таңдаған ғылым салаларына қарай топтасады. Тақтадағы суреттерді сол ғылыммен немесе сол ғылымның жетістіктерімен байланыстырып сөйлейді.
| |||||
3 минут 5 минут 12 минут 5 минут | Тыңдалым тапсырмасы. https://www.youtube.com/watch?v=xQUtbZg-eUk 200 жылдан кейінгі адамзат өмірін елестете аласыз ба? Мұғалім оқушыларға болашақ туралы бейнеатериал көрсетеді. Оқушылар қарап, сұрақтарға жауап береді. А) Сенің ойыңша, болашақта өмір осындай бола ма? Әлде бұл жай қиял ма? • Егер өміріміз дәл бейнематериалдағыдай болса, қандай қиындықтар туындауы мүмкін? • Қандай жағымды жақтары бар екені туралы ойланып көр. Ә) Мәтінді екінші рет тыңдап, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тауып, автордың қандай мақсатта қолданғанын талдайды. Мәтіннің көзделген аудториясын анықтайды. Дескриптор:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Бейнематериалды басшылыққа ала отырып, оқушылар «100 жылдан кейінгі өмір» тақырыбында қиялға беріле отырып, 100-120 сөзден тұратын әңгіме жазады. Дескриптор:
Оқушылар жазба жұмыстарын «Шеңбер» әдісі бойынша топта оқиды. Топта қызықты деп табылған жұмыстар оқытылады. Оқушылар бір-бірінің жазба жұмыстарынан алған әсерлерімен бөліседі. | https://www.youtube.com/watch?v=xQUtbZg-eUk | ||||
Сабақтың соңы
3 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек». | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
| ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?