Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Әлемді өзгерткен өнертабыстары.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Талдау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстырады, салыстырады;

Көптеген оқушылар:

Факті мен көзқарасты ажыратады;

Кейбір оқушылар:

Факті мен көзқарасты ажыратып, ойын дәлелді жеткізеді;

Бағалау критерийі

Мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстырады, салыстырады, факті мен көзқарасты ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қашықтықтан басқару пульті, ультрадыбыс, құрылғы, инфрақызыл сәулелер, күкірт қышқылы, сандық фотоаппарат, қозғалтқыш, цилиндр,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: ойлап тапқан, өнертабыс, әлемді өзгерткен, адамзат тарихы

Пәнаралық байланыс

физика

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Оқушылардың алдыңғы сабақтағы білік дағдылары ескеріледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Мәтін алды тапсырма

Мәтіндік редактормен жасалған суретте берілген сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

Қандай тұжырым жасауға болады?

Оқушылар кезекпен өздерінің ойларын айтып, тыңдалым мәтіні не туралы болатыны туралы пікірлерін білдіреді.

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

tagul.com мәтіндік редакторы

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

10 минут

Дескриптор:

фактіні анықтайды;

көзқарасты ажыратады;

ойын дәлелдеуде ұтымды пікір білдіреді.

Тыңдалым мәтіні

https://www.youtube.com/watch?v=lLK3kafoUxg

(0.35 минуттан бастап)

Т. Мәтінді тыңдау кезінде:

  • Мәтінді мұқият тыңдаңыз, көтерілген мәселені анықтаңыз.
  • 3 факті, 3 көзқарас жазып алыңыз.
  • қарама-қайшылық бар ма?

Таныстырылым:

  • Оқушылар көтерілген мәселені кезекпен айтып, ортақ шешімге келеді.
  • 1 факті мен 1 көзқарасты сыныпқа таныстырып, өз ойын дәлелдейді.
  • қарама-қайшылықты анықтайды.

Кері байланыс:

Факті мен көзқарасты қалай ажырату керек деген тұжырымға келдіңіз?

Қай топтың дәлелі ұтымдырақ болды? Неге?

Дескриптор:

ақпаратты ғаламдық мәселемен байланыстырады;

өзара салыстырады;

талқылау сұрағын қояды.

Мәтінді тыңдағаннан кейін:

ЖЖ.6 Неліктен?

Мәтіннен алынған ақпаратты біздің елімізбен байланыстырып, сұрақ туындатыңыз.

Мысалы:

Неліктен алғашқы өнертабыстардың барлығы біздің еліміздің тарихымен байланысты емес?

(оқушы жауабы)

Неліктен ... (оқушы жауабына орай келесі сұрақ туындайды)

Осылайша әр жұп берілген ақпарат бойынша талқылау жүргізеді, салыстырады.

Кері байланыс:

Сіздің жұбыңыз қандай қорытынды шешімге келді? Мәселе қай ақпараттан басталды?

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=lLK3kafoUxg

Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

Ұтымды ...

Қиын ...

Туындаған сұрақ ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу