Мұнай өндірісі. Шешендік сөздер. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орында.

Цифрландыру мұнайдың «көлеңкелі» айналымын азайтады

Дәл қазір барлық салада цифрландыру үдерісі жүріп жатыр. Дегенмен мемлекет экономикалық өсімді арттыратын агроөнеркәсіп кешені, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі секілді салаларға басымдық беріп отыр. Болжамға сәйкес, цифрландыру бағытында қолға алынған жобалар 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің өсімін 30%-ға дейін арттыруы керек. Цифрландыру аясында еліміздің энергетикалық секторында үлкен өзгерістер орын алмақ. Осы орайда аталған секторға жататын электр энергетикасы, атом өнеркәсібі және мұнай-газ салаларын автоматтандыру үлкен маңызға ие болып отыр.  «Мұнай-газ өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізу өндірістің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ мұнайды өндіру мен өңдеуге жұмсалатын уақытты қысқартады. Қысқасы, цифрландыру кәсіпорындардың шығынын азайтып, табысын еселейді. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты кен орындарына жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік 56 млрд теңгені құрайды деген болжам бар. Оның үстіне цифрландыру мұнай-газ саласындағы ашықтықты қамтамасыз етеді», – дейді энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов. Вице-министрдің сөзінше, мұнайды тасымалдау бағытында автоматтандыру процесі әлдеқашан басталған. Сондықтан бұл бағыттағы көп жұмыс автоматтандырылған. Мұның бәрі мұнай ұрлығымен күресу үшін қажет. Қазірдің өзінде Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауытта жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Аталған жүйе зауыттардағы жөндеу кезеңін кем дегенде үш жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. 2016-2018 жылдары мұнай өңдеу зауыттары цифрландыруға 10,5 млрд теңге жұмсаған. Оның 3,8 млрд теңгесі жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесіне бағытталып отыр. Цифрландыру жұмыстарының нәтижесінде зауыттар 22 млрд теңге үнемдейді деген болжам бар. Сол секілді атом өнеркәсібі саласында да жаңа технологиялар енгізілуде. Мәселен, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-да «Цифрлы кеніш» жобасы жүзеге асырылуда. Өндірісті автоматтандыру «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына қарасты уран өндіретін кәсіпорындардың өндірістік шығындарын оңтайландырып, өндіріс көлемін арттыруға жол ашады. Осының есебінен компанияның өнімділігі 10%-ға дейін артуы мүмкін. Атом өнеркәсібі саласында іске асырылған жобалар да жоқ емес. Мәселен, 2017 жылы «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС-да пилоттық жоба жүзеге асырылды. Ол 2025 жылға дейін 12,6 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр. Бұдан бөлек, электр энергетикасы саласында да цифрландыру бойынша жобалар қолға алынуда. «КЕГОК» АҚ бірыңғай энергетикалық жүйенің режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасы жүзеге асырылу үстінде. Ол электрмен жабдықтау бағытындағы сенімділікті арттырады. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған құрылғыларды қолдауға жұмсалатын шығындарды азайтады. Жалпы, энергетика министрлігі жоғарыда аталған жобалардан бөлек, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сегіз бастаманы енгізген екен. Соның бірі – мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе мұнайдың «көлеңкелі» айналымын азайтады әрі салықтардың түсімін көбейтеді. «Аталған жүйе мұнайдың өндіру мен оның мұнай өңдеу зауытына түскенге дейінгі барлық процестерді есепке алады. Тиісінше, барлық цикл бойынша бақылау қондырғылары орнатылады. Қазір кен орындарына қондырғыларды орнату мәселесі пысықталуда. Егер мәселе шешімін тапса, құрылғыларды бірыңғай жүйемен интеграциялау міндеті ғана қалмақ», – дейді энергетика вице-министрі.

Фархат Әміренов https://inbusiness.kz/kz/news/cifrlandyru-munajdyn-%C2%ABkolenkeli%C2%BB-ajnalymyn-azajtady

1-тапсырма. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз

Цифрландырудың кәсіпорындарға пайдасы

Болжамдар

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін ақпараттарына сілтеме жасай отырып, төрт сөйлем құрастырыңыз.

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • сілтеме бере отыып, автордың ойын өз сөзімен жазады;
  • мәтіннен деректерді іріктей алады;
  • мәтін ақпараттарын пайдалана отырып сөйлемдер құрастырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу