Табиғат. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ: 1

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Табиғат және экология

Сабақтың тақырыбы

Табиғат

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

Мәтін үзінділерін тыңдап, түсінеді, сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушы

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, сыни көзқарастарын білдіреді;

Кейбір оқушы

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтайды, өз болжамдарын талқылайды.

Бағалау критерийі

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: экология, айтыс, экологиялық мәселе, тіршілік тынысы, табиғат ресурстары, табиғат қорлары, экожүйе, биосфера, полиэтилен, өндіріс, өнеркәсіп салалары, химиялық ластану, тұрмыстық қалдықтар.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: ұстаным, біздің ойымызша, табиғатты тиімді пайдалану, ғылыми тұрғыда қарастырсақ, даулы мәселе, өркениетті елдер, табиғи ортаның ластануы, сынақ кешендері полигондарының әсері, мамандардың айтуынша, экологиялық апатты аймақ, ең бастысы, ықпал ету, тепе-теңдіктің бұзылуы, шешім қабылдау.

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек

көздері

Сабақтың басы

10 минут

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтар тақтадан көрсетілген суретке зер сала отырып, өздеріне берілген сөздер арқылы сабақ тақырыбын ашуға тырысады.

Топтарға пән лексикасы және терминология бойынша суретпен байланыстыруға ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері:

1-топ: ұстаным, біздің ойымызша, табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық мәселе, тіршілік тынысы, табиғат ресурстары, айтыс.

2-топ: табиғат қорлары, экожүйе, биосфера, полиэтилен, ғылыми тұрғыда қарастырсақ, даулы мәселе, өркениетті елдер.

3-топ: өндіріс, өнеркәсіп салалары, табиғи ортаның ластануы, химиялық ластану, сынақ кешендері полигондарының әсері, мамандардың айтуынша;

4-топ: экологиялық апатты аймақ, ең бастысы, тұрмыстық қалдықтар, ықпал ету, тепе-теңдіктің бұзылуы, шешім қабылдау, қоғам.

Оқушылар оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

3 минут

3 минут

10 минут

Ж

1- тапсырма

Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» шығармасының үзінділерін тыңдап, «Әрі қарай не болды?» ойынына қатысыңыз. Өз болжамдарыңызды ортаға салыңыз.

Оқушылар бетпе-бет отырып, өз болжамдарын айтады. Дескриптор арқылы арнайы бағалау бетшесіне жұбын бағалап отырады.

Дескриптор:

  • Мәтін үзіндісін түсінеді;
  • Үзінді бойынша болжам жасайды;
  • Өз көзқарасын танытады;

Кері байланыс. Оқушылар ұсынылған пікірлердің бірін таңдап, кері байланыс береді.

  • Болжам жасау мен үшін қызықты болды, себебі ...
  • Менің болжамым шығармаға сәйкес келді, себебі ...
  • Мен өзіме риза болдым, себебі ...
  • Жұбымның болжамы маған ұнады, себебі ...

2-тапсырма:

Тыңдалым алды тапсырма

  • Слайдқа назар аударыңыз. Ол туралы не білесіз? Бір-біріңізді толықтырыңыз.

Тыңдалым тапсырмасы

Сабақтағы грамматикалық тақырыпқа байланысты айтыс туралы мәтінді тыңдап, айтысқа тән ерекшелікті анықтаңыз.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тобыңызда «Айтыстың ерекшелігі» тақырыбында кластер дайындап, өзге топтарға таныстырыңыз.

Слайд

Сабақтың соңы

2 минут

Бес жол өлең.

Табиғат



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу