Табиғат және мен. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 1 нұсқа.


Пән:

Қазақ тілі

Сабақ:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каменова А.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Табиғат және экология.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Сабақтың тақырыбы

Табиғат және мен

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.Ж.6. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, естелік) ұсына білу

11.ӘТН.4. мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығармашылық жұмыстар жазады((өлең, естелік)

Көптеген оқушылар

  • әртүрлі тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар жазады (өлең, естелік)

Кейбір оқушылар

  • көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады; (өлең, естелік)

Бағалау критерийлері

  • әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, естелік) ұсынады;
  • мәтін нормаларын сақтап жазады (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, естелік, мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: «Сары парақ», «Табиғат және мен», «Табиғатқа табыну», «Орман», «Жаңбырсыз жаз»

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар ( әңгіме, шығарма) жазды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

2 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

Оқу мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 минут

22 минут

7 минут

Жазылым алды тапсырма

Ақын Қадыр Мырза Әлидің табиғат туралы жазылған «Сары парақ», «Табиғат және мен», «Табиғатқа табыну», «Орман», «Жаңбырсыз жаз», «Қараша» атты өлеңдері қабырғаға ілінеді. Оқушылар аралап оқиды.

  • ЖЖ. Ақын өлеңдерінде табиғат қалай суреттелген?
  • Ақын өлеңдері бойынша қандай естеліктер айтуға болады?

Жазылым тапсырмасы

Т. Тапсырмалар тақтадан көрсетіледі. Оқушылар шағын топтарға топтасады. Екі сұрақтың бірін таңдап жазады.

  • Ақын Қадыр Мырза Әлидің табиғатқа арнаған өлеңдері сіздерге қалай етті? Сіздер табиғатқа қандай өлең арнаған болар едіңіздер? Өз шығармашылықтарыңызды пайдаланып, 2 шумақ өлең жазып көріңіздер. Өлеңдеріңізде тармақ, бунақ санына мән беріңіздер.
  • Ақын өлеңдері сіздерді қандай ойға жетеледі? Сіздер өз шығармашылықтарыңызды пайдаланып, «Қадыр ақын естелігі» деген тақырыпта 120-150 сөз көлемінде естелік жазыңыздар. Естелікте мәтін құрылымын сақтаңыздар.

Жазылымнан кейінгі тапсырмасы

Т. Топтар жазған жұмыстарды алмастырып оқыңыздар. Жақсы жазылған жұмыстарды саралаңыздар. Жұмыстың жақсы жақтарын айтыңыздар, ұсыныстар беріңіздер.

Бағалау критерийі

Дескриптор

әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, естелік) ұсынады.

мәтін нормаларын сақтап жазады (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

  • шығармашылық жұмыс жазды;
  • көркемдегіш құралдарды қолданды;
  • құрылымды сақтады.

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

  • Сізге сабақтың қай бөлігі ұнады?
  • Қай тапсырма қиындық туғызды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу