Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 5 сабақ.


Бөлім атауы

Жастар мәдениеті және мәселесі.

Шешендік сөздер

Оқу мақсаты

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Сабақ мақсаты

Ғылыми стильдің анықтамасын біледі;

Ғылыми стильге тән ерекшеліктерді анықтай алады;

Ғылыми стилдің тілдік ерекшеліктерін анықтайды.

Бағалау критерийі

Ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Жетекші сұрақтар:

Ғылыми стиль дегеніміз не?

Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері туралы не білесіз?

Ғылыми стильдің қолданылу аясы туралы не айта аласыз?

Мағынаны тану кезеңі

Сәйкестендіру тесті.

Топқа бөліну сәті.Оқушылар ғылыми стильдің өзіндік белгілерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ:

Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады.

2-топ:

Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.

3-топ:

Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады.

4-топ:

Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады.

5-топ:

Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады.

Топтық тапсырмалар

1-топ:

Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтін тақырыбы мен мәтін мазмұны арасындағы байланысты анықтап, тақырыптың қойылу себебін түсіндіреді.

2-топ:

Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтін стилі, жанрын көрсетеді.

Мәтіннің сөйлеу формасын ажыратады. (ауызша, жазбаша, монолог, диалог, полилог).

Мәтіннің көлемдік-прагматикалық ұйымдасуын талдайды. (том, кітап, тарау, тарауша, абзац).

Мәтіннің баяндау қабатын немесе мәтін түрлерін анықтайды. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау).

Әңгімелеу мәтінінде оқиғаны дамытуға қатысатын етістіктердің қолданылуын; сипаттауда сын-сапа, белгі мағынасын білдіретін сын есім, есімше секілді т.б. тілдік бірліктердің жұмсалуын; пайымдау мәтіндерінің құрылымында сұрау есімдіктері, демеулік шылаулардың т.б. қолданысын айқындайды.

Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын талдайды. (1, 2, 3-жақ).

Топтық тапсырмалар

3-топ:Мәтіннің синтаксистік ерекшелігіне талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтіннің синтаксистік ерекшелігін айқындайды: жай, құрмалас сөйлемдердің мәтін мазмұнын жеткізудегі қызметі, мәтіннің жай не құрмалас сөйлемге құрылуы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды, оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің жұмсалуын, төл сөздің берілу жолдарын анықтайды.

4-топ: Мәтіннің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін талдайды.

Дескрипторлар:

Мәтіннің лексика-фразеологиялық құрамын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау: тура/ауыспалы, көп мағыналы сөздер; көркемдегіш-бейнелегіш құралдар, мәтіндегі көнерген (архаизм, историзм), диалект, жаргон, тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын контекспен байланыстырып түсіндіреді.

Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір ұсыныс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу