Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөз және сөйлеу мәдениеті

Оқу мақсаты: О7. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Сабақ мақсаты:БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерден қажетті мәліметтерді алу , сілтеме жасау жолдарын білу

Бағалау критерийі:

Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін деректерді қолдана алады;

Әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді өмірмен байланыстырады;

Сілтеме жасау жолдарын біледі.

Миға шабуыл: «Кім көп біледі?»

Миға шабуыл: «Кім көп біледі?»

Тапсырма:

Суреттерге тақырып қою

Суреттегі кейіпкерлердің есімдерін атау

Екі суретті салыстырып әңгімелеу

1-тапсырма:

Жұптық жұмыс: Оқушылар мәтіннің ортаңғы бөлігін, ақырғы абзацын жұппен оқиды және олардан әңгіменің басын болжау үшін мәтіндегі негізгі ой туралы не білетінін қолдану талап етіледі. Топпен барлық бөліктерін талқылайды.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қандай мәлімет берілген? Жауапты бір сөйлеммен жазыңыз.

Шешендік сөздердегі теңеу туралы не айтылған? Жауапты бір сөйлеммен беріңіз.

Шешендің сөздердегі теңеулік қолданыс жайлы ойыңызды бір сөйлеммен жеткізіңіз.

Мәтіннің 4-5-жолында не айтылады? Жауапты бір сөйлеммен жеткізіңіз.

2- тапсырма:

Топтық жұмыс:«Пирамидалық талқылау» стратегиясы Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды.

2-тапсырма : Пирамидалық талқылау

Жеке жұмыс: Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «БҚО 1» кестесін толтыру

Кері байланыс:«Табыс жолы»

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы білім деңгейлерінің «Табыс жолы» сызығының қай бөлігінде тұрғанын айтады. Топ бойынша «Бағалау бәйтерегіне» өз деңгейлерін стикер арқылы жапсырып көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу