Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің нұсқалары. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің нұсқалары (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

 Сабақтың мақсаттары

Әртүрлі дереккөздерінен тақырыпқа сай мәліметтер алу, сілтеме жасау

 Бағалау критерийі

-БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректер ала біледі;

-деректерге сілтеме жасай алады;

-көтерілген мәселе бойынша жазба жұмысын жазып, сілтемені дұрыс көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, кесене.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

  • өмір бойы оқу - білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -мәнмәтінінде көтерілген мәселе бойынша сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • Әлем халықтарының мәдениетіне құрмет;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

тарих, бейнелеу өнері

Бастапқы білім

9-сыныптағы білім, білік дағдыларына сүйенеді

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=-scCtiGtogQ

Оқушыларға видеороликті тамашалағаннан кейін қойылатын сұрақтар:

1. Сендерге осындай баспанада тұру ұнай ма? Неге?

2. Бұл ерекше үлгідегі баспанаға тағы қандай өзгеріс енгізер едіңдер?

3. Бұл баспана қандай өнер түріне жатады?

Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе сабақтың тақырыбын хабарлайды.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=-scCtiGtogQ

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-35

Оқылымалды тапсырма

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар қояды, олардың жауаптарын тыңдайды, оқушылармен бірге талқылайды.

1-сұрақ. Орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған (ІХ-Х. ғ.) кезінде салынған. Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы болған адамның басына тұрғызылған кесене?

2-сұрақ. Қарахан дәуірінде (ХІІ ғ.), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темірдің бұйрығымен ХІV ғ. аяғы XV ғ. басында тұрғызылған. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезді ғимарат?

Оқылым тапсырмасы

Мұғалім тапсырманың нұсқаулығымен таныстырады. Барлық топ та өз тапсырмаларын орындау кезінде алған ақпараттары мен деректеріне сілтеме жасауы шарт.

Тапсырма:

І топқа тапсырма: Сәулет өнерінің ерекшеліктері туралы ақпараттық мәтін құрастыру

ІІ топқа тапсырма: Сәулет өнерінің түрлері туралы ақпараттық мәтін құрастыру.

ІІІ топқа тапсырма: Қазақстандағы орта ғасырлық сәулет өнері туралы ақпараттық мәтін құрастыру.

ІV топқа тапсырма: Қазіргі Қазақстандағы сәулет өнерінің нұсқалары туралы ақпараттық мәтін құрастыру

Дескрипторлар:

- әртүрлі дереккөздерінен тақырыпқа сай мәліметтер алады;

- ақпараттық мәтін құрастырады;

- деректерге сілтеме жасайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

«Сыныптық тыңдалым». Барлық топ өздері құрастырған мәтіндерін сағат тілімен жылжыта отырып, келесі топтарға ұсынады. Топтар құрастырылған мәтіндерді оқып, бағалау критерийі бойынша бағалайды.

«Түзету, өңдеу». Әр топ өздеріне айтылған ұсыныстар негізінде мәтіндеріне толықтырулар мен түзетулер жасайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар сабақты қаншалықты түсінгендерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін пайдаланады.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, осы түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

МД слайд

https://stud.kz/referat/show/26062

https://kk.wikipedia.org/wiki/VII_

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

- Не жақсы өтті?

- Не жақсы өтпеді?

- Нені жақсарту керек?

- Не туралы ойлану керек?

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу