Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


 Оқылым мәтіні

 

 Әсем Астана

 

 Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою - өрнектерімен безендірілді. Мысалы, «Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында. Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. 9 – 14 ғ. Ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. Қазақстанның бас қаласы Астананың көрікті жерлері өте көп.

 Солардың бірі, 2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес, монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория –алаң бар.

 “Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010 жылы шілденің 5-ші жұлдызында ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. “Хан Шатыры” бірегей кешені жобасының авторы-танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.

 «Нұр-Астана» орталық мешіті 2005жылы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне,жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Ұзындығы 63 метр 4 мұнарадан құрылған. 5 мың адамға арнап салынған. Алтынмен апталған Нұр Астана мешіті ислам дінін уағыздаумен қатар барша Астаналықтарды татулыққа, ізгілікке шақырумен келеді”.

 К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры”. Бұл ғимарат XIX ғасыр соңындағы классикалық стиль сәулетінің үлгісі бойынша болып табылады. Қайта жаңғыртылған Целиноград теміржолшылар сарайы осыдан алты жыл бұрын бүгінгі күні К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры деп аталатын тамаша ұжымға берілді.  Қазіргіі уақытта ол еліміздің ең жас музыкалық театры болып саналады. Ұлттық театр сахнада түрлі дәуір мен стильдердің қойылымдарын қояды.

 Есілдің сол жағалауына  сыртқы көрінісі “ұшатын тарелкаға” ұқсас цирк ғимараты салынған.

Ең басты жетістік – алғаш рет цирк ұжымы құрылды. Мұнда акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, өнер көрсететін гимнасттар, сайқымазақтар адамның көңіл күйін көтерсе, адамдармен бірге Африка арыстандары  Шотланд  понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар, иттер, түрлі жануарлар да өнер көрсетеді.

https://www.tarbie.kz/sabak/324

Дұрыс конспектілеудің 3 әдісі

 Мектеп, университет қабырғасында дұрыс конспектілеуді үйрену керек. Себебі, конспектілеуді білсеңіз тақырыпты жетік меңгеріп, ақпаратты дұрыс жеткізе аласыз. Дұрыс конспектілеудің 3 әдісін ұсынамыз:

 ♦ Қағазды 4-ке бөліңіз. Әрқайсысына логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты сөздерді жазыңыз. Бұл әдісті Билл Гейтс пайдаланады.

 ♦ Корнелла әдісі. Бұл әдіспен америкалық студенттерді оқытады. Қағазды 3 бөлікке бөліңіз. Ең үлкені – дәрісті жазуға арналсын. Сол жақтағы кең аумағына – постфактум, сурет, белгілерді салуыңызға болады. Ал қалған аумаққа – мәтініңіздің қысқа мазмұнын екі-үш сөйлеммен жазыңыз.

 ♦ Менталды карталар әдісі. Бұл әдісті Тони Бьюзан ойлап тапқан. Ол тізім, схема мен таблица жасаудың орнына лианаға ұқсас келетін суреттерді салуды ұсынады. Басты тақырып ортаға жазылып, одан кілт сөздері бар бұтақшалар тарайды. Неғұрлым әдемі, ашық әрі қызықты болып салынған сурет болса, соғұрлым жақсырақ есте сақталады екен. Бьюзан менталды карталарды тек сабақ оқу үшін емес, күнделікті жоспарлауға да пайдалануға болатынын айтады.

https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/26771/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу