Адамзат дамуының рухани дағдарысы. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


 Тыңдалым мәтіні (мұғалім өзі дауыстап оқып бере алады немесе аудиоға жаздыруға болады)

 

 Философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Б.Сейсеновтің сұхбаты:

 - Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылықты, көз көріп, құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық, жалпы руханилық дағдарысты тудырды. Бұл жаһандық мәселеге айналып үлгерді.

 Қазіргі заманғы көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады. Ресейлік ғалым В.А.Лекторский: «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлық білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол догматты болады», - деп көрсетті. XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала түсті. Адам қоғамда әрі жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр. Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер төнді.

 Адамдардың барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұрғысынан ойлануы тиіс екендігіне мән береді. Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда қирату, құрту, жою жағдайлары бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте көп, айталық, адам қоршаған ортаға құрметпен қарамауын, руханиятсыздық, кең масштабты әскери қақтығыстарды, т.б. жатқызады. Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормаларына сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны өзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады.

 

 Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/1537

 © e-history.kz

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу