Адамзат дамуының рухани дағдарысы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адамзат дамуының рухани дағдарысы (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

 Сабақтың мақсаттары

Сұхбаттағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік құралдарды талдау

 Бағалау критерийі

Тыңдалым мәтінінің мақсатты аудиториясын анықтай алады;

тілдік ерекшелігіне талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

антропологиялық дағдарыс, өркениет, антропоцентризм, моральдық, этикалық норма

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

Адамзат игілігіне деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

тарих

Бастапқы білім

9-сыныптағы білім, білік дағдыларына сүйенеді

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды.

«Биопоэма» әдісі

Мұғалім сөзі: Оқушылар, бәріміз бірлесе отырып, даму сөзінің табиғатын анықтайық, яғни сипаттама берейік.

Аты - «ДАМУ».

Сипаты – ..., ...

Қызметі – ..., ..., ....

Болашақтан күтетіні – ..., ....

Мекен жайы – ..., ...

Тегі – ... .

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

5-15

15-25

25-30

30-35

Тыңдалым алды тапсырма

«Сөздік гол» әдісі

Оқушыларға тақырыпқа сай мәтінде кездесетін сөздер жазылған кесте беріледі. Олар жұпта бірігіп әр сөзді талқылайды, сөздіктен мағынасын анықтайды, кестеге жазады. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды. Топта бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

Тірек сөз/термин

мағынасы

антропологиялық

дағдарыс

өркениет

антропоцентризм

моральдық, этикалық норма

Өзара бағалау жасайды. Оқушылар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен кері байланыс береді.

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім профессор Б.Сейсеновтің «Адамзат дамуындағы рухани дағдарыс» атты мәтінін оқып береді. Оқушылар төмендегі нұсқаулық бойынша жұмыс істейді.

Жұмыс алгоритмі:

- оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды;

- мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді теріп жазып алады.

Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан кейін жазып алған сөздерді кішкентай қағаз қиындысына жазып, сынып бөлмесінің ортасында тұрған жәшікке салады. Мұғалім (немесе оқушы) жәшіктегі қағаздарды әбден араластырады. Оқушылар бір-бірлеп келіп, жәшіктен бір қағаздан алады да, онда жазылған сөзді оқып, мағынасын түсіндіруге тырысады. Егер білмейтін болса, мұғалімнен немесе сыныптасынан көмек сұрайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Кейіпкер орындығы». Оқушылар өз қалаулары бойынша сынып алдына шығып, сұрақты таңдап тыңдалым мәтіні бойынша жауап береді.

Сұрақтар:

  • Тыңдалым мәтінінде қандай терминдер айтылды? Терминдердің мағынасы нені білдіреді?
  • Автордың адамзаттың дамуы туралы ойы қандай?
  • Мәтін кімдерге арналған? Жауабыңды негіздеп айт.
  • Рухани дағдарыстың туындауына себеп болған қандай мәселелер?
  • Мәтінде адамның қоғамдағы рөлі қандай деп айтылады?
  • Рухани дағдарысты болдырмау үшін адамзат алдымен нені басшылыққа алуы тиіс?

Дескрипторлар

- мәтіннен терминдерді, тілдік құралдарды анықтайды;

- мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтау үшін сұрақтарға жауап береді.

Өзіндік бағалау

Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болу үшін мұғалім мынадай үлгі ұсына алады:

Үлгі:

Мен үшін бүгінгі тақырып құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден.

Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Биопоэма» әдісіне қайтадан оралады.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, біз бірлесе отырып, Даму сөзінің табиғатын анықтаған болатынбыз. Енді сабақтан алған білімдеріміз арқылы осыны толықтырайық.

Аты - «Даму».

Сипаты – ..., ...

Қызметі – ..., ..., ....

Болашақтан күтетіні – ..., ....

Мекен жайы – ..., ...

Тегі –.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу