Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Назарова Ә.Ж. | |||||
Сынып:10 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: | |||||
Бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары. Сабақтың тақырыбы: | Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу. | |||||
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: Графиктік мәтінмен жұмыс жасай алады, эссе жаза алады. Көптеген оқушылар: Мәтіндерге өз көзқарастарын білдіре алады. Кейбір оқушылар: Мәтіндерге дұрыс шешім мен ұсыныстар білдіре алады, эссе сұрақтарына орынды жауап бере алады. | |||||
Жетістік критерийлері | Графиктік мәтіндеермен жұмыс жасай алады; Орынды шешімдері мен ұсыныстарын білдіре алады; Графиктік мәтіндердегі маңызды ақпараттарды анықтай алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Мәдениет, өркениет, прогресс, регресс, т.б терминдер | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | ||||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы
| Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру, қызықтыра білу. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады Оқушылардың орындығына сандар жапсырылады. Сол арқылы 4 топқа бөлінеді. | |||||
Сабақтың ортасы
| 1-тапсырма. ТЖ Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Ассоциациямен жұмыс. 1 және 2 топқа «Мәдениет» сөзін естігенде, 3-4 топқа «Өркениет» сөзін естігенде ойға келетін бірінші сөзін қағаз қиындысына жазып алдарындағы А4 қаңазына жабсырады. 2 топтың бірдей тапсырмадағы жұмысын біріктіріп көреді. Тақтаға іліп, бір-біріне мағыналас немесе қайталанған сөз болса, сол сөз тақтаға ілінеді. Осылайша сынып «Мәдениет» және «Өркениет» сөздеріне анықтаманы өздері жасап шығарады. ЖК:
2-тапсырма. ТЖ. Оқушылар санау арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топқа графиктік мәтіндер беріледі. Әр топ мәтіндері бойынша жоспар құрады, шешімі мен ұсынысын оқып береді. Топаралық бағалау ЖК:
Кері байланыс 3-тапсырма. Ж Графиктік мәтіндердегі маңызды ақпараттарды анықтай отырып 180-200 сөз көлемінде эссе жазыңыз. Тақырыбы: Жалпыадамзаттық мәдениет және өркениет ұғымымен ұлттық құндылықтардың байланысы. ЖК:
| А4 форматтағы парақтар, қағаз желімі, түрлі түсті қиынды қағаздар Таратпа мәтіндер ҚБ парақтары | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Сабақтың әсер еткен тұсы Басталуы Ортасы Аяғы Сабақтың Ү/Т: Мәдениет, әлде өркениет. Жер шарында қайсысы бұрын қалыптасқан? Ақпарат көздерінен алынған пікірлер және өз көзқарастарыңыз. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
1-топ
Мәдениет болмысы — | Тарихи мәдени қозғалыстың зерттелуі | Өркениеттің ерекшелігі | Мәселеге өз көзқарастарыңыз, ұсыныстарыңыз |
тарихи-мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға бодады. Мәдениеттің заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде «жасанды табиғатта» ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады. | Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени процестің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мең өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған қөріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай деген; «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған… Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі — машиналық. | Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемін» сияқты мәселелер түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа маңызды талап-тілектер бар. Екінші бағытты — адам руханилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батыс өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен қүресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы — керісінше: ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі. |
2-топ
Тарихи-мәдени қозғалыстың бөлінуі | Марксизм ерекшелігі | Прогресс дегеніміз не? | Мәселеге өз көзқарастарыңыз, ұсыныстарыңыз |
Егер тарихи-мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.
| Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді. Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық, қасиет ретінде сипатталды. Қоғам әрдайым өзгеріп, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып, үздіксіз даму үстінде болады. Осыған байланысты социологтар қоғам қозғалысының екі бағытын көрсетеді. Олар прогресс және регресс деп аталады. | Прогресс (лат. Progressus-алға жылжу) – дегеніміз қоғамның төменнен жоғарыға жылжуын айтамыз. Бұның негізінде қоғам ғылым мен мәдениетте жетістіктерге жетіп, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарады. Әлемдік әлеуметтік прогреске біз тек қана адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен материалдық байлақтарын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдер мен кластар арасындағы қайшылықтаң бәсеңдеуін, және жалпы адамзаттық қызығушылық пен өркениеттің дамуын да жатқызамыз. Бұған мысал ретінде К.Маркстің 5 қоғамдық формациясын айтуға болады. Ол – тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүретінін дәлелдеп берді. |
3-топ
Регресс дегеніміз не? | Мәдениеттің даму сәттері | Мәдениет және құндылықтар | Мәселеге өз көзқарастарыңыз, ұсыныстарыңыз |
Регресс (лат. Regressus-кері жылжу) – қоғам дамуының бәсең тенденциясын және қоғамның жоғарыдан төменге өтуін көрсетеді. Бұл бағыт өндіріс пен адамдардың тұрмыс деңгейінің қарқынының төмендеуінен, қоғам ішкілікке, нашақорлыққа салыну, тұрғандардың денсаулығының төмендеуі, өлімнің көбеюі және т.б келіп шығады. | Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі – мәдениет үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бөгеттердін таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін өңдеп шығарды. А.Мольдың үлгісі бойынша, мәдени үлгілерді таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады, олардың әрқайсысы өздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің бұрынғы тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін өзінің сапасы бойынша жарамды өнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні көрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микроортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен құндылықтардың таратылысы аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын нормаларды жиі байқауға болады. | Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін, біріншіден, үлкен топтар мен қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалың қауымға немесе макроортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микроортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке-дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана береді. |
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқушы аты-жөні:
Сыныбы:
Күні:
ОМ: Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу.
Тапсырма: Графиктік мәтіндердегі маңызды ақпараттарды анықтай отырып, оларды орынды қолдана отырып 180-200 сөз көлемінде эссе жазыңыз.
Тақырыбы: Жалпыадамзаттық мәдениет және өркениет ұғымымен ұлттық құндылықтардың байланысы.
ЖК:
- Ойын жүйелі жеткізе алады;
- Ойын дәлелді жеткізеді;
- Тақырыпты аша алады;
- Сөз көлемін сақтай алады.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?